«Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 91 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

 

 

 

 

КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ ВНЕОЧЕРЕДНАЯ СЕССИЯ КАЗАЛИНСКОГО

РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

 

 

 

   

               ШЕШІМ       (LХ сессия)           РЕШЕНИЕ

 

«07» тамыз 2026 жыл                             №612

 

«Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 91 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 91 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8460-11 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 

«3) Арнайы комиссияның шешімімен 2026 жылға дейін әлеуметтік көмек тағайындалған студенттерге жоғары оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алу кезеңі аяқталғанға дейін, бірақ тиісті білім беру бағдарламасының нормативтік оқу мерзімінен аспайтын мерзім ішінде оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде және тамақтану мен тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір реттік төлем төленеді.»;

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазалы аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Ғ.Әліш

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 августа 2026