
1972 жылы 22 маусымда Комсомол ауданы Псков ауылындатуған.
Білімі – жоғары.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы «Псковский» кеңшарының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады.
1994 жылы Әйтеке би ауданының Әйке орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде мұғалім;
1998-1999 жылдары Қарғалы ауданы Приозерный орта мектебінде мұғалім;
1999 жылы Қарғалы ауданы Қосестек орта мектебінің директоры;
2006 жылы Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2009 жылы Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2012 жылы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары;
2013 жылы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округінің әкімі;
2016 -2021 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қарғалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қарғалы аудандық мәслихат хатшысы.
Отбасылы,ұл тәрбиелеп отыр.

1992 жылы 20 маусымда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген,
2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2015-2017 жылдарыҚарғалы аудандық Мәдениет үйінде үйірме жетекшісі;
2017-2018 жылдары Қарғалы ауданы №2 Бадамша орта мектебінде мұғалім, аға тәлімгер;
2018-2019жылдары Қарғалы аудандық Мәдениет үйінде үйірме жетекшісі, әдіскер, көркемдік жетекші;
2020 жылдан бастап Қарғалы аудандық Мәдениет үйінің директоры.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Үйленбеген.

1987 жылы 29 шілдеде Ақтөбе облысы Ленин ауданы Бородинов ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.2008 жылы Орталық Азия Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
2007-2008 жылдары ҚР Қарулы Күштері қатарында борышын өтеді;
2008-2009жылдары Ақтөбе қ. "Поливест" ЖШС жұмыс істеген;
2010-2018жылдары Қарғалы ауданы Бородинов орта мектебінде мұғалім-балабақшасында мұғалім болып қызмет етті;
2019-2020 жылдары"Жас" шаруа қожалығының басшысы;
2020 жылдан бастап Қарғалы ауданы Қайрақты негізгі мектебі-балабақшасында психолог.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы,екі бала тәрбилеп отыр.

1994 жылы 22 сәуірде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Первомай ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары.2014 жылы Ақтөбе байланыс және электротехника колледжін «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2017-2019жылдарыҚарғалы АІІБ –де бақылау маманы, операциялық бөлімінің жетекші маманы;
2019 жылдан осы күнге дейін Қарғалы АІІБ-нің бастығы.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы,екі бала тәрбиелеп отыр.

1972 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.
2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Басқа ұлт мектептеріндегіқазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
1989-1998 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде аға тәлімгер;
1998-2007 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2007-2015 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл ауылы Қарғалы ауданы "Бәйтерек" мектепке дейінгі мекемесінің меңгерушісі;
2015 жылдан бастап осы күнге дейін Карғалы ауданы Петропавл орта мектебінің директоры.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы, ұлы бар.

1980 жылы 27 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2006 жылдары Қарғалы ауданы №2 Бадамша орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі;
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарғалы ауданы №2 Бадамша орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды;
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Тұрмыс құрмаған.

1984 жылы 28 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 2006 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Көпарналы телекоммуникациялық арналар» мамандығы бойынша бітірген.
2008-2017жылдары "Қазақтелеком" АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
2017 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ-нің Қарғалы желілік-техникалық цех бастығы.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы,екі баласы бар.

1977 жылы 12 маусымда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бөгембай ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 2005 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген.
1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарғалы ауданы Ащылысай орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Тұрмыс құрмаған.

1964 жылы 13 шілдеде Ақтөбе облысы Степной ауданы Рождественка кентінде дүниеге келген. Білімі-жоғары.
Қызылорда қаласындағы гидромелиоративтік институтын «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Ленин ПЭУ Бадамша кентінде инженер-гидротехник болып бастаған.
1993-2016 жылдары "Велиховка" ЖШС-да бас агроном;
2016 жылдан бастап "Велиховка"ЖШС директоры.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Ақжол» Демократиялық партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы, үш баласы бар.

1992 жылы 29 қаңтарда Ленин ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2013 жылы Қазақ инженерлік техникалық академиясын «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылысарапшы болып «Алтын Астық» ЖШС-да бастады.
2013-2017 жылдарыҚарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округі әкімі аппаратыныңбас маманы;
2017 -2019 жылдары жеке кәсіпкер;
2020 жылдан бастап Қарғалы ресурстық жастар орталығының аға кеңесшісі.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.
Отбасылы,ұл тәрбиелеп отыр.

1963 жылы 9 ақпанда Ақтөбе облысы Херсон ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Ақтөбе медициналық институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1991 жылы дәрігер-терапевт болып Әлімбет учаскелік ауруханасына қабылданды. 1994 жылы осы аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды.
2022 жылдың21 қыркүйегінен бастап «АМАНАТ» партиясынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.