Хабарландыру Ақтөбе  облысы  Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс  тобының мүшелерін  іріктеу   бойынша конкурс өткізу туралы

ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

Хабарландыру

Ақтөбе  облысы  Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс  тобының мүшелерін  іріктеу   бойынша конкурс өткізу туралы

 

Қарғалы  аудандық   мәслихаты,  Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру  жөніндегі  жұмыс  тобының  (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелігіне  конкурстық   іріктеуден   өтуге  ниет  білдірген   коммерциялық   емес ұйымдардың өкілдері  мен  азаматтар  арасында  конкурс  өткізу   туралы  хабарлайды.

         Жұмыс  тобының  сандық  құрамы    Қарғалы  аудандық  мәслихаты   төрағасының   2025  жылғы  13 қаңтардағы №3   өкімімен  4 адам  болып  бекітілген, оның ішінде, бір адам мемлекеттік  органдардан  және   коммерциялық  емес ұйымдар, азаматтар  өкілдерінен үш адам.

Конкурсқа   қатысу   үшін  коммерциялық  емес  ұйымдардың  өкілдері  мен азаматтары   аудандық   мәслихатқа    2025 жылғы   14 қаңтардан 20 қаңтарға  дейін қолма – қол  немесе электрондық  мекенжайға   мынадай   құжаттарды   жолдайды:

       1)  үміткерді жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

        2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, үміткердің  кәсіптік және (немесе) қоғамдық  қызметі  туралы  мәліметтер;

        3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

        4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

        5)  үміткердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

     Жұмыс тобының мүшелігіне  үміткер осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды  өздігімен немесе 5) тармақшаға сәйкес көрсетілген анықтамаларды талап етуге жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Жоғарыда  көрсетілген   құжаттар   коммерциялық   емес   ұйымдардан   және азаматтардан   мына   мекенжай  бойынша   қабылданады: Бадамша  ауылы, Әбілқайыр   хан көшесі   38, «Қарғалы   аудандық   мәслихатының   аппараты» мемлекеттік    мекемесі, сағат 08.30-18.00-ге  дейін, үзіліс     сағат 12.30-14.00 - ге дейін, е-mail: maslihat_kargala@mail.kz,   анықтама   телефондары: 23-2-14, 22-2-59. Пошталық мекенжайы: Ақтөбе облысы, Қарғалы  ауданы, Бадамша  ауылы, Әбілқайыр хан көшесі 38, индекс 030500.

Азаматтық   қоғамнан  жұмыс   тобы  мүшесінің    үміткеріне  қойылатын  талаптар    бойынша    Қазақстан   Республикасының    2015 жылғы   2 қарашадағы   № 383-V  «Қоғамдық  кеңестер  туралы»  Заңының   10  бабы   1 тармағына   сәйкес   он сегіз  жасқа   толған   және   тиісті  әкімшілік -  аумақтық   бірлік   шегінде  тұратын  Қазақстан   Республикасының   азаматы   үміткер   бола  алады.

Конкурсты өткізу  мерзімі   конкурс   туралы   хабарландыру  жарияланған күннен   кейін он жұмыс  күнін  құрайды.

 

 

 

                                                  Нысан

Кімге ____________________________________

________________________________________

________________________________________

________________________________________

(республикалық  деңгейдегі мемлекеттік

  органның  атауы   немесе  жергілікті 

өкілді органның  атауы ) 

кімнен______________________________________

________________________________________

________________________________________

________________________________________

________________________________________

_________________________________________

Өтініш  берушінің  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 

жеке  тұлғаның  куәлігі  №______,

берілген уақыты (қашан, кім)

тұратын  мекен – жайы

(елді  мекен, көше, үй, пәтер, байланыс  телефоны)

 

 

Өтініш

Мен  Ақтөбе  облысы  Қарғалы  ауданының  Қоғамдық  кеңесін   қалыптастыру жөніндегі   жұмыс  тобының  құрамына   енгізілу   үшін  өз  үміткерімді  ұсынамын.

Мен  осы өтінішпен  Қазақстан   Республикасының    2015 жылғы  2 қарашадағы  «Қоғамдық  кеңестер  туралы» Заңының   ережелерімен танысқанымды  растаймын  және   оның   талаптарын    сақтауға    міндеттенемін.

        Келесі   құжаттарды   қоса  тіркеймін:

1) _________________________________________________________________

2) _________________________________________________________________

3) _________________________________________________________________

4) _________________________________________________________________

5) _________________________________________________________________

6) _________________________________________________________________

7) _________________________________________________________________

«____ ____________» 202 __ жыл.

Өтініш   берушінің    қолы _______________

 

 

Аудандық   мәслихаттың  төрағасы                                                    С.Аманжолов

 

Дата публикации
14 января 2025