ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру жөніндегі
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарғалы аудандық мәслихаты, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының отырысына Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ниет білдірген адам аудандық мәслихатқа 2025 жылғы 14 қаңтардан 20 қаңтарға дейін қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш (қосымшаға сәйкес нысан бойынша) ұсынады.
Өтініш жұмыс тобының отырысында бақылаушы болуға ниет білдірген тұлғалардан мына мекенжай бойынша қабылданады: Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі 38, «Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, сағат 08.30-18.00-ге дейін, үзіліс сағат 12.30- 14.00-ға дейін, е-mail: maslihat_kargala@mail.kz, анықтама телефондары: 23-2-14, 22-2-59. Пошталық мекенжайы: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әбілқайыр хан көшесі 38, индекс – 030500.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған және тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы байқаушы бола алады.
Жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының 11-тармағына сәйкес хабарланатын болады.
Қоғамдық кеңес туралы
типтік ережеге қосымша
Нысан
Кімге ____________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
(республикалық деңгейдегі мемлекеттік
органның атауы немесе жергілікті
өкілді органның атауы )
кімнен______________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жеке тұлғаның куәлігі №______,
берілген уақыты (қашан, кім)
тұратын мекен – жайы
(елді мекен, көше, үй, пәтер, байланыс телефоны)
Өтініш
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде өз кандидатурамды ұсынамын.
Келесі құжаттарды қоса тіркеймін:
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
4) _________________________________________________________________
5) _________________________________________________________________
«___» ____________20___ жыл.
Өтініш берушінің қолы _______________
Аудандық мәслихаттың төрағасы С.Аманжолов