23 аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Қарғалы ауданында тұрақты комиссиялардың отырыстары өтті, онда аудандық бюджеттегі өзгерістер, ветеринариялық қауіпсіздік, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңың аудан мемлекеттік органдарының орындалу барысы туралы, ауданның елді мекендерін сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, санитариялық тазарту және көгалдандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері ұйымдардың басшыларын, ауылдық округтердің (ауыл) әкімдерін тыңдады, жұмыстың жеткіліксіздігін атап өтті, бірқатар ескертулер жасады және тиісті қаулыларды қабылдай отырып, өз ұсыныстарын енгізді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының отырысында аудан әкімі Н.Өнербаевтың аудандық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті баяндамасы тыңдалды, сондай-ақ аудандық бюджетте, кейбір нормативтік құқықтық актілерде және комиссия құрамдарында өзгерістер бекітілді.

Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімінің есепті баяндамасын тыңдап, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жақсы бірлескен жұмысын атап өтті, өз сұрақтарын қойды, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдады.

Дата публикации
30 сентября 2024