Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, саламатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісіне қарсы күресте жүйелі жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғаны шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді бек көтеріп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.
Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт – еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Осы әдеттердің барлығын түбегейлі жою үшін жемқорлықпен күресті бір сәтке болса да тоқтатпауымыз керек.
Қ.Байсеупов
Қарғалы аудандық мәслихат
аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл