Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі - кәсіби мемлекет құру болып белгіленді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе, мемлекеттік қызметшінің  кәсібилігіне  байланысты.

Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің тиімділігін бағалау критерийі маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызметтің имиджі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің имиджі тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметшінің имиджімен тікелей байланысты, өйткені, мемлекеттік органдарға деген сенім мәселесі қызметкердің имиджімен байланысты, әйтпесе, мемлекеттік органдардың қызметі тиімсіз болады.

Қоғамдық сенім деңгейін сақтауға және арттыруға мүмкіндік беретін  келесі  әдеп  нормаларын  сақтау қажет:

  1. Мемлекеттік қызметші билік пен өкілеттіктерді басқара білуі және бұл ретте, адал болуы тиіс.
  2. Мемлекеттік қызметте  өз  игілігі үшін емес, мемлекет игілігі

үшін жұмыс істеу керек, мемлекеттік қаражатқа қол сұқпауы тиіс.

  1. «Шенеунік, сіз қалай өмір сүресіз?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, өйткені, оның зәулім үйлерінің, айналасындағы биік   қоршаулардың және қымбат шетелдік көліктердің  суреттерінің  пайда  болуына  негіз  болмауы  тиіс.
  2. Заң талаптарына сәйкес толық өмір сүру маңызды.
  3. Кез келген постта, кез  келген лауазымда, қандай  жағдайда да халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай жұмыс істеуі  қажет.
  4. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, адамдар арасында өзін ұстай білуі тиіс.
  5. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі бағынуды білуі тиіс, өз қызметкерлерінен талап ететін нәрсені өзі орындай  білуі керек .
  6. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріліп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекеті дайындалып жатқанын көрсеңіз, дереу араласып, шаралар қабылдауы қажет.
Дата публикации
23 января 2024