2024-2026 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер –4 498 989  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 015 080 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 21 799 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 637 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 3 454 473 мың теңге;

2) шығындар – 4 498 989 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 051 мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер – 94 146 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 81 095 мың теңге;

4) қаржы активтерімен  жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;                                                               

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 13 051 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 13 051 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 94 146 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 81 095 мың теңге.

2..Аудандық бюджеттің кірісіне келесідей түсімдер ескерілсін:

         корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;     

әлеуметтік салық;

        

мүлiкке салынатын салықтар;

         жер салығы;

акциздер;

кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар;

мемлекеттік баж;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер;

мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

басқа да салықтық емес түсiмдер;

мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 - бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері –  85 000 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,  салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімінің 8-тармағына сәйкес 2024 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция – 1 214 637 мың теңге сомасында көзделді.

5..2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтерге берілетін субвенция көлемі – 392 236,0 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде:

Бадамша ауылдық округіне – 74 894  мың теңге;

Желтау ауылдық округіне – 43 968 мың теңге;

Кемпірсай ауылдық округіне – 39 997 мың теңге;

Қосестек ауылдық округіне – 58 842 мың теңге;

Ащылысай ауылдық округіне – 57 633 мың теңге;

Степной ауылдық округіне – 37 209 мың теңге;

Велихов ауылдық округіне – 33 127 мың теңге;

Әлімбет ауылдық округіне – 46 566 мың теңге.        

                                                                   

 

 

 

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредиттер түскені ескерілсін.

Кредиттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан даму трансферттері ескерілсін:

1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға;

2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

3) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;

4) коммуналдық шаруашылығын дамытуға.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің және даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері ескерілсін:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

2) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

3) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

4) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің және даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтерге ағымдағы нысаналы трансферттері көзделсін:

1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;

2) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік органның күрделі шығыстарыны;

4) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.            

Трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

10..2024 жылға арналған  ауданның жергілікті атқарушы органының резерв сомасы – 23 000  мың теңге болып бекітілсін.

 

11..2024 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарғалы  аудандық мәслихатының  төрағасы

 

 

С. Аманжолов

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 января 2024