Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәслихаты аумақтық және 16 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай Қарғалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 8 желтоқсаны сағат 18:00 -ге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңының 20 бабының 12 тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы)және басқа да тұлғалар сайлау туралы Конституциялық Заңының жоғарыда көрсетілген баптары бойынша кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері сағат 08:30-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12: 30-ден 14: 00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қарғалы аудандық мәслихаты
Аманжолов Сапарбек Аралбаевич – Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 үй.
Жауапты тұлға – Даухаренов Ертуган Эргасенович, каб. №116, қызметтік ұялы телефоны (871342-22259), электрондық пошта maslihat_kargala@mail.kz
Қарғалы аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының және 16 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
|
№ |
Комиссияның атауы |
Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы) |
Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы |
комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
«Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараты |
Бадамша ауылы |
Әйтеке би |
32 |
7 |
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
240 |
«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК |
Бадамша ауылы |
Д.Қонаев |
17 |
7 |
|
2 |
241 |
«Бадамша мектеп-бөбекжай» КММ |
Бадамша ауылы |
В.Пацаев |
2 Г |
7 |
|
3 |
243 |
«Бадамша агротехникалық колледжі» КММ |
Бадамша ауылы |
Әйтеке би |
17 Б |
7 |
|
4 |
571 |
«Бадамша орта мектебі № 2» КММ |
Бадамша ауылы |
А.Жангилдин |
7 |
7 |
|
5 |
245 |
«Әлімбет орта мектеп-балабақшасы» КММ |
Әлімбет ауылы |
Қазақстан |
63 |
7 |
|
6 |
246 |
«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК ауылдық клубының ғимараты |
Ащылысай ауылы |
Бауыржан Момышұлы |
43 |
5 |
|
7 |
248 |
«Бозтөбе негізгі мектебі» КММ |
Бозтөбе ауылы |
В.Жук |
39 |
5 |
|
8 |
249 |
«Велиховка негізгі мектебі» КММ |
Велихов ауылы |
Мектеп |
13 |
5 |
|
9 |
250 |
«Қарғалы ауданының ауруханасы» МКК ғимараты, фельдшер кабинеті |
Ақжайық ауылы |
Бауыржан Момышұлы |
55 |
5 |
|
10 |
251 |
«Петропавл орта мектебі» КММ |
Петропавл ауылы |
Дінмұхамед Қонаев |
70 |
5 |
|
11 |
252 |
«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК ауылдық клубының ғимараты |
Петропавл ауылы |
Жеңіс |
1 |
5 |
|
12 |
253 |
«В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ |
Шәмші Қалдаяқов ауылы |
Н.Орынбасаров |
1 |
7 |
|
13 |
255 |
«Жосалы орта мектеп-балабақшасы» КММ |
Жосалы ауылы |
Мектеп |
1 |
5 |
|
14 |
257 |
«Қос Естек орта мектебі» КММ |
Қос Естек ауылы |
Абай |
104 |
7 |
|
15 |
259 |
«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК ауылдық клубының ғимараты |
Степной ауылы |
Д.А.Қонаев |
5 |
5 |
|
16 |
260 |
«Қайрақты негізгі мектеп-балабақшасы» КММ |
Қайрақты ауылы |
Әбілқайыр хан |
23 |
5 |
Қарғалы аудандық мәслихаты