Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының
№251 сайлау учаскелік комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихаты №571 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскедегі сайлаушылар санына байланысты ауданның аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.
Қазіргі сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2024 жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2023 жылғы 17 мамырды қоса алғанға дейін Қарғалы аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы мәліметтер нысандары, үміткерлердің сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған және онда орындалған күні, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 17 мамырды қоса алғанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүргізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихаты
Аманжолов С.А.. – Қарғалыаудандықмәслихатыныңхатшысы
Мәслихаттыңмекен – жайы: Қарғалыауданы, с.Бадамша, Әбілқайыр хан көшесі38.
Жауаптытұлға – ДаухареновЕртуганЭргасенович, каб № 110 , қалааралық телефон коды (871342), жұмыс телефоны 23-1-39, ұялыбайланыс 87053837866, факс 23-1-39, электрондықпоштаныңмекен-жайыmaslihat_kargala@ mail.kz.