2023 жылға арналған Қарғалы аудандық мәслихатының жұмыс жоспары

Аудандық  мәслихаттың

2023жылғы 30наурыздағы

№7 шешімімен

бекітілген

 

 

2023 жылға арналған Қарғалы аудандық мәслихатының

жұмыс жоспары

 

Қарғалы аудандық мәслихаты өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына және басқа да өкілдік органдардың жұмысын  реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес атқарады.

         Мәслихаттың  негізгі мақсаты халықтың қалауын білдіру, оларды жүзеге асыру шараларын айқындау, орындалуын бақылау,азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қамтамасыз ету.

        Атқарушы  органдар, барлық меншік нысандағы  шаруашылық  субъектілер, қоғамдық  ұйымдармен  өзара  келісілген әрекеттерге   сүйене отырып  Қарғалы аудандық мәслихаты  өз күшін келесі басымдылықтарды жүзеге асыруға бағыттайды:

  • ауданның әлеуметтік- экономикалық даму деңгейін әрі қарай көтеру, өндіріске тиімділігі жоғары  инновациялық  технологияларды енгізу, шағын және орташа бизнес және  жалпы кәсіпкерлікті  қолдау;
  • азаматтарға және ұйымдарға Қазақстан Республикасы Конституция нормаларын, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық  актілерін  орындауға көмек көрсету;
  • мәслихаттың күнделікті жұмысында демократиялық принциптерді ұстану, депутаттар, тұрақты комиссиялар, мәслихат аппаратының нормошығармашылық жұмысының тиімділігін  арттыру;
  • аудандық бюджетті қалыптастыру,орындалу,бюджеттік қаражаттарды нысаналы қолдануын  бақылауды жүзеге асыру;
  • тұрғындарды қорғау және қолдау  бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • ауданда заңдылықты және  қоғамдық  тәртіпті нығайту,өңір  тұрғындарының құқықтарын  және мүдделерін  сенімді  қорғау;
  • қоршаған ортаны қорғау  және сауықтыру  бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру  және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.

2023жылы  белгіленген   іс-шараларды  жүзеге асыруға   келесі  сұрақтар қаралу жоспарлануда:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылға арналған аудандық мәслихат сессияларының

жоспары

 

                                                           

II  тоқсан

 

  1. Аудан әкімдігінің 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
  2. 2022 жылғы Әлімбет ауылдық округ бюджетінің атқарылуы   туралы есебі.

3.2022 жылғы Ащылысай ауылдық округ бюджетінің атқарылуы     туралы есебі.

4.2022 жылғы Бадамша ауылдық округ бюджетінің атқарылуы   туралы есебі.

  1. 2022 жылғы Велихов ауылдық округ бюджетінің  атқарылуы     туралы есебі.

6.2022 жылғы Желтау ауылдық округ бюджетінің атқарылуы   туралы есебі.

7.2022 жылғы Кемпірсай  ауылдық  округ бюджетінің  атқарылуы     туралы есебі.

8.2022 жылғы Қосестек ауылдық округ бюджетінің атқарылуы   туралы есебі.

  1. 2022 жылғы Степной ауылдық округ бюджетінің  атқарылуы     туралы есебі.

III тоқсан

 

1.. Өзіне  жүктелген  функциялар мен міндеттердің    орындалуы  туралы  аудан  әкімнің  есебі  туралы.  

 

IV тоқсан

 

1.2024-2026 жылдарға  арналған  Қарғалы  аудандық  бюджетін бекіту  туралы.

          2.Аудандық мәслихаттың  экономика,қаржы  және бюджет  жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін бекіту туралы.

3.Аудандық мәслихаттың әлеуметтік- мәдени  даму,заңдылық, құқықтық тәртібі мәселелері және депутаттық  этика жөніндегі тұрақты комиссиясыныңесебін бекіту туралы.

4.Аудандық мәслихаттың  аграрлық   мәселелері,  экология   және   салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясыныңесебін бекіту туралы.

2023 жылға арналған Қарғалы аудандық мәслихатының жұмыс жоспары
Дата публикации
06 апреля 2023