
Өмірбаян
Қасымова Шамшия Әлімжанқызы 1960 жылы 03 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ленин ауданы, Кемперсай ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Батыс Қазақстан институтын "Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекттік қызметтегі еңбек жолын 1982 жылы Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас экономисті болып бастады.
1991 – 1997 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, бюджет жөніндегі инспекциясының бастығы болып жұмыс жасады.
1997 – 2021 жылдар аралығында Қарғалы аудандық қаржы бөлімінің басшысы.
2021 жылы зейнетке шықты. Бірақ, бүгінгі күнге дейін аудандық қаржы бөлімнің іс жүргізуші болып жұмыс жасап отыр.
Шәмшия Әлімжанқызы ауданымыздың қаржы саласында 41 жыл жұмыс жасады.
Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саланы дамытуға қосқан үлесі үшін және біздің облыстың, ауданның қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталған:
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медалдарымен, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, еңбектегі жетістіктері және облыстың, ауданның қаржы органдары жүйесіндегі мінсіз мемлекеттік қызметі үшін облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ӨМІРБАЯН
Байсеупова Ақиже Бахитқызы 1947 жылы 8 шілдеде Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Саратовка ауылында дүниеге келген. Әкесі Бақтияр Тынымқұлұлы теміржолшы, анасы, Көрпен Мұқанқызы, үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысқан. Үш жасқа толғаннан кейін отбасы Ақкөл ауылына 35 разъезге көшіп, мектепті бітіріп, педагогикалық училищеге оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін Аққиже ауылына мұғалім болып жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастады. Ол мұғалім, содан кейін мектеп директорының орынбасары және Сазды орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Ол Сазды орта мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ақиже Бахитқызы 18 жыл Степное ауылында мектеп директоры болып жұмыс істеді.
Жұмыс кезеңі:
1968-1971 жж Приозерная орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі.
1971-1972 ж. Приозерный орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысы директорының орынбасары, 1972-1977 ж. директордың орынбасары, Приозерная мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
1977 -1987 ж.-Сазды мектебінің директоры.
1987-1991ж-Ленин аудандық кәсіптік бірлестігі паркомының хатшысы
1991 ж тарих пәнінің мұғалімі Сазды орта мектебі
1992-1995ж - Сазды мектебінің директоры
1995-2010 жылдары-аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
Ол мұғалімдер ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға үлкен жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен қарады. Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі ретінде жас мұғалімдердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Өмір жолында Ақиже Бахитқызы-тамаша тәрбиеші, үлгілі мұғалім, бүкіл өмірін шәкірттеріне арнай білді. Бұл еңбек қызметінде үлкен биіктерге жетті.
Сондай-ақ, Ақиже Бахитқызы педагогикалық еңбек ардагері, ҚР Білім беру үздігі медаліне ие, азаматтық қорғаныс үздігі жұмыс істеген жылдары Білім министрлігінің, Білім басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хаттарын алды.

1949 жылы 27 қарашада Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылында туған. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1967 жылы Пригородный 8 жылдық мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1969 – 1974жж Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «ғалым – зоотехник» мамандығы бойынша бітірген.
1974 – 1985 жж Бас зоотехник және Ленин ауданының«Чапаев» атындағы колхоздың төраға орынбасары
1981 - 1985 жж «XVIII партсъезд» атындағы совхоздың бас зоотехнигі
1985 - 1990 жж аудандық ауыл шаруашылық бірлестігінің директоры
1990 – 1991жж аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы және аудандық халықтық депутаттар кеңесінің төрағасы
1991- 1994 жж аудандық ауыл шаруашылық бірлестігінің директоры
1994 – 1998 жж «Степное» ұжымдық мекеменің директоры
1999ж Қазақ мемлекеттік экономика және жоспарлау институтының аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғаған.
Қазіргі уақытта «Степное»ЖШС – ның директоры және аудандық «Арман» ауыл шаруашылық тауар өндіруші ассоциациясының президенті
1994 – 2012 жж Ақтөбе облыстық мәслихатының 4 шақырылымының депутаты
Марапаттаулары
«Құрмет белгісі» ордені – (1981ж)
Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы –( 1992ж)
«Астана» медалі – (1998ж)
«Құрмет» ордені – (2000 ж)
«ҚР 10 жылдығы» медалі –(2001ж)
«ҚР онжылдығындағы үздік кәсіпкер» - (2001ж)
«Жыл адамы» -( 2002 ж)
«Ақтөбе облысының үздік кәсіпкері» - (2003ж)
«Тыңға – 50 жыл» медалі – (2004ж)
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі
ҚР Президентінің «Демеушілік және қайырымдылық қызметі үшін» Мақтау Грамотасы
«Астананың 10 жылдығы» медалі – (2008ж)
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» -( 2009ж)
«Парыз» -(2010ж)
«Тәуелсіздікке 20 жыл» медалі –( 2011 ж)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 5 желтоқсандағы №2 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1950 жылы 26 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ленин ауданы Ащылысай ауылында туған. Білімі жоғары.
Еңбек жолын Қос – Естек ауылындағы орта мектепте тәлімгер болып бастаған.
1972 ж Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітіреді.
1999 – 2006жж Қарғалы аудандық білім бөлімінде басшы
2006 – 2009 жж аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы, Қарғалы аудандық қоғамдастық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша төрайымы
Марапаттаулары:
«ҚР құрметті білім қызметкері»,«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» төс белгілері және Білім министрлігінің Құрмет Грамотасы,Облыстық Білім департаментінің грамотасы
Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №180 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1929 жылы 25 қаңтарда РФ Донецк облысының Великоновоселковск ауданының Богатырь ауылында туған. Білімі жоғары.
1954 жж Ворошиловград ауыл шаруашылық институтын бітірді.
1954 - 1955 жж Ворошилов ауыл шаруашылық институтының «жалпы жер бөлінісі» кафедрасының ассистенті
1955 – 1956 жж «Буденный» атындағы колхоз төрағасы
1956 – 1958 жж Ворошилов ауыл шаруашылық институтының « экономика және ауыл шаруашылықты ұйымдастыру» кафедрасының аспиранты
1968 – 1993 жж «Ленин» атындағы колхоз төрағасы
1993 – 1995 жж Кемпірсай селолық кеңесінің төрағасы
Иван Юрьевич 20 жыл бойы Ақтөбе облыстық колхоз кеңесінің төрағасы және республикалық колхоз кеңесінің мүшесі
Марапаттаулары
«Ленин» ордені
4 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен
Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы
«Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атағы
«Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі»
Қарғалы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 5 қазандағы №2 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1947 жылы 4 маусымда Ақтөбе облысы Ленин ауданы Ақай ауылында туған. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1969 жылы Ленин аудандық атқару комитетінде жол инспекторы болып бастаған.
1974 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
1974 – 1983 жж Ақтөбе облысының Байғанин АІІБ басшы орынбасары, басшы
1983- 1994 жж Ақтөбе облыстық ІІБ қылмысты іздестіру бөлімінің басшы орынбасары, Ақтөбе облыстық ІІБ басшы орынбасары
1994 – 1997 жж Ақтөбе облыстық ІІБ басшысы
1997 – 2002 жж Батыс өңірінің транспорт бойынша ІІБ басшысы, қаржы полициясының басшысы.
Марапаттаулары
1,2 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қоғамдық тәртіпті үздік сақтағаны үшін» , «Милиция үздігі» және «ІІМ құрметті ардагері» төс белгілері
Қарғалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 шілдедегі №5 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1936 жылы Ақтөбе облысы Ленинск ауданының Рождественка ауылында туған. Білімі – орта.
Еңбек жолын 1954 жылы Ленин ауданының «Чапаев» ауылында қатардағы жұмысшы болып бастаған.
1954 – 1970 жж сауыншы
1967 ж Жоғары Кеңес депутаты
Марапаттаулары
«Облыстың үздік сауыншысы» (1965 ж) және «Ленин» орденімен(1966 ж)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 5 ақпандағы №3 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1929 жылы 10 тамызда Ақтөбе облысы Новоресей ауданы Қуағаш ауылында туған. Білімі – орта арнаулы, зоотехник.
Еңбек жолын 1941 жылы Ленин ауданы Кемпірсай ауылында бастаған.
1943 – 1947 жж Гурьев қаласындағы темір жол құрылысында жұмысшы.
1947 – 1953 жж Кемпірсай почта бөлімінде басшы
1953 – 1968 жж Кемпірсай ауылдық кеңесінде төраға
1968 -1990 жж Ленин атындағы колхозда төраға орынбасары, партком хатшысы.1990 ж зейнетке шықты.
Марапаттаулары
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің грамотасы және бірнеше рет Ақтөбе облыстық халықтық депутаттар Кеңесінің бірнеше грамоталары
Қарғалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 сәуірдегі №3 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1924 жылы Ақтөбе облысы Новоресей ауданында туған. Білімі жоғары.
1942 – 1947 жж Кеңес Әскерінің қатарында қызмет еткен
1947 – 1959 жж Кемпірсай кен басқармасының машинист көмекшісі
1959 – 1970 жж Бадамша ауылдық халық депутаттар кеңесінің төрағасы
1970 – 1987 жж Қарғалы аудандық сот төрағасы
Марапаттаулары
I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы»,«Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін»ордендері және «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі
Қарғалы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 5 қазандағы №3 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1935 жылы 10 қазанда Қарғалы ауданының Қызыл сай ауылында туған. Білімі жоғары.
Еңбек жолын Әлімбет мектебінде мұғалім болып бастады.
Ақтөбе педагогикалық институтын,жоғары партия мектебін бітірген.
1957-1959 жж аудандық Комсомол комитетінің нұсқаушысы
1959-1972 жж партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі
1972-1983 жж аудандық партия комитетінің екінші хатшысы
1983-1991 жж ішкі істер басқармасының саяси бөлімінің басшысы
1991 жылы зейнетке шықты.
Марапаттаулары
«Дружба народов» ордені
«Знак почета»
Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 января №216 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1958 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысы Новоресей ауданының Новоресей селосында туған. Білімі жоғары.
1980 жылы Қазақтың ауыл шаруашылық инстиутын «орман шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша , кейін Алматы саясат және басқару институтын бітірген.
1980-1984 ж ж Дөн кен байыту комбинатының учаске жұмысшысы
1984-1992 жж Ағаш өңдеу цехының шебері, «Хромтаутяжстрой» трестінің қосалқы өндірісінің учаске басшысы, «Хромтаутяжстрой» трестінің ОПК төрағасы, Хромтау қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, өндіріс құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Новоресей аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
1992-1995 жж Новоресей аудандық жекешелендіру комиссиясының төрағасы
1995-1996 жж Дөн кен байыту комбинатының кадр және әлеуметтік мәселелер бойынша директоры, бас директордың орынбасары
1996-1997 жж Ақтөбе облыстық терком мемлекеттік мүліктерді басқару төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы
1997-1998 жж Ақтөбе облыстық әкімінің кеңесшісі
1998-2002 жж Қарғалы ауданының әкімі
2002-2003 жж Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Хромтау ауданының әкімі
2003-2004 жж Атырау облысының Мұнайгаз кешені және сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасының бастығы
2004-2012 жж ж Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары
2012- 2016 жж ҚР Парламентінің V шақырылымының мәжіліс депутаты
2016 жылдан осы күнге дейін Астана қаласында кәсіпкер
Марапаттаулары
«Құрмет» ордені(1999)
«Парасат»(2008)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 января №216 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1942 жылы 7 наурызда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған. Білімі жоғары.
1967жылы Алматы зоотехникалық- малдәрігерлік институтын «ғалым зоотехник» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1956 жылы кино- механик болып бастаған.
1958-1961 жж ағаш ұстасының жәрдемшісі, құрылысшы
1961-1962 жж трактор айдаушы, электротехник
1967-1969 жж Ырғыз ауданының «Калинин» кеңшарында зоотехник
1969-1977 жж Ырғыз ауданының «Нұра» кеңшарында бас зоотехник
1977-1987 жж Қобда ауданының «Жарық – кеншар» совхозында бас экономист, бас зоотехник, директордың орынбасары
1987—1993 жж Ленин ауданының «Пацаев» кеңшарында бас зоотехник, Ленин ауданында бас экономист
1993-2005 жж «Өркен» шаруа қожалығының басшысы
2005 жылы зейнетке шықты.
Марапаттаулары
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»
Қарғалы аудандық мәслихатының 2017жылғы 23 тамыздағы №166 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1956 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобыланды селосында туған. Білімі жоғары.
Алматы зооветеринарлық институтын «ғалым зооинженер» мамандығы бойынша, кейін Алматы экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.
1980-1985 жж Қобда ауданының «Қобда» совхозында №1 бөлімшеде зоотехник, зоотехник-селекционер, бас зоотехник
1985-1990 жж Қобда ауданының «Ильич» атындағы колхозда партком хатшысы
1990-1994 жж Қобда аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Қобда аудандық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары
1994-1996 жж Қобда аудандық «Серп и молот» колхозының басқарма төрағасы
1996-1997 жж Ақтөбе облысы Исатай ауданының әкімі
1997-2006 жж Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі
2006-2007 жж Ақтөбе облыстық жолушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
2007-2010 жж Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі
2010-2011 жж Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі
2011-2013 жж Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
2014-2017 жж Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2017 жылдан осы күнге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
Марапаттаулары
«Астана» медалі (2001)
«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл»(2001)
«ҚР Конституцясына 10 жыл»(2005)
«Ерен еңбегі үшін»(2005)
«Тыңға 50 жыл»(2005)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №95 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілд

1940 жылы 12 қазанда Ресей Федерациясы Орынбор облысының Орск қаласында туған.Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1959 жылы Кемпірсай геологиялық барлау партиясында жұмысшы болып жасады.
1959-1962жж Кеңес армиясы қатарында болды.
1967 жылы Орынбор ауыл шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.
1967-1971 жж экономист
1971-1981 жж экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы
1981-1992 жж аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары
1992-1995 жж аудан әкімшілігі басшысының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары
1995-1997 жж аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі
1997-2004 жж аудан әкімі аппаратының экономика бөлімінің басшысы
2004-2006 жж аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары
2006-2010 жж аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, бас маман
2010 жылы зейнетке шықты.
Марапаттаулары
«Ветеран труда» медалі(1988)
облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаты(1996)
Қарғалы ауданы әкімінің алғыс хаты(2000)
ҚР Президентінің алғыс хаты(2001)
Ақтөбе облыстық экономика жоспарлау басқармасының құрмет грамотасы(2001)
Қарғалы ауданы әкімінің алғыс хаты(2005)
Қарғалы ауданы әкімінің алғыс хаты(2010)
Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының алғыс хаты(2010)
Қарғалы ауданы әкімінің алғыс хаты (2010)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №247 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1961 жылы 20 қарашада Гурьев облысының Қызылқоға ауданында туған. Білімі жоғары.
1985 жылы Ақтөбе медициналық институтын бітірген.
1985 – 2001 жж Ленин ОАА оташы дәрігер, кейін бөлім меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер.
2001-2015 жж Қарғалы ОАА бас дәрігері
2015 жылдан осы күнге дейін жеке медицина орталығында «Белон Медикал» бас дәрігер
Марапаттаулары
«Тәуелсіздіктің 10 жылдығы » медалі (2001 ж)
Денсаулық сақтау Министрлігінің алғыс хаты (2004ж)
Облыс әкімінің алғыс хаты (2005ж)
«Әлия Молдағұлованың 80 жылдығы» медалі (2006ж)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі №320 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1952 жылы 23 ақпанда Қобда ауданының Бегалы селосында туған. Білімі жоғары.
1974 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «ғалым зоотехник» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Ленин атындағы колхозда зоотехник- селекционер болып бастады.
1976-198 0жж бас зоотехник
1980- 1985жж бас зоотехник, кейін аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары
1985 – 1990 жж Ленин аудандық компартиясының екінші хатшысы,
аудандық атқарушы басқармасының бірінші орынбасары, аудандық кеңесінің жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
1993 жылы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы
1994 -2012 жж ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
2012- 2015 жж «Степное» ЖШС директорының орынбасары
2015 жылы зейнетке шықты.
Марапаттаулары
СССР Қорғаныс Министрлігінің Құрмет грамотасы (1998ж)
« ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж), « ҚР Конституциясына 10 жыл»(2001ж,) ҚР Конституциясына 10 жыл(2001ж), Тың игеруге 50 жыл(2004ж),
Әлия Молдағұлованың 80 жылдығы (2005ж), ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл(2011ж)
медалдары
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен(2011ж)
Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасы(2011ж)
ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен (1998ж)
Тың игеруге 60 жыл(2014ж)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №401 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1954 жылы 13 сәуірде Ақтөбе облысы Ленин ауданы Анастасьевка селосында туған. Білімі жоғары.
Еңбек долын 1972 жылы Красное поле колхозында тракторист, комбайнер ретінде бастады.
1973-1975 жж Кеңес әскері қатарында болған.
1975-1976 жж Ақтөбе хром қосылыстарын шаймалау зауытында аппаратшы
1976-1981 жж Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агрономия» мамандығы бойынша бітірді.
1981-1986 жж студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы
1986-1989 жж Киев ауыл шаруашылық академиясының аспиранты
1989-1991 жж институт қызметкерлері мен оқытушылар кәсіподағының төрағасы
1991 -2000 жж Орал ауыл шаруашылық техникумының директоры
Марапаттаулары
«Еңбектегі ерлігі үшін» (1981), «ҚР білім беру ісінің үздігі» (2000), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2014) медалдары
«Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты(2004), ҚР ауыл шаруашлық Министрінің мақтау грамотасы (2009)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы №352 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1958 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1980 жылы "Казсельхозтехника" зауытында учаске шебері болып бастаған.
1981 -1997 ж. ж. Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы «40 лет Каз ССР»совхозында - инженер - өзін тамаша ұйымдастырушы, білгір, сауатты маман ретінде көрсетті.
1989 жылы – бас инженер болып жұмыс жасаған.
1997-2021 ж.ж «Арман» шаруа қожалығының басшысы.
Қарғалы ауданы мәслихатының 3 шақырылымдарының депутаты.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жемісті еңбегі үшін мерекелік медальдарымен және 2017 жылы «Облысқа сіңірген еңбегіүшін» медалімен марапатталған. 2016 жылы Қарғалы ауданының «ЖЫЛ АДАМЫ» атағына ие болды.
Қарғалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы №204 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1946 жылы 11 қыркүйекте Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1963 жылы Ленин атындағы колхозда бастаған.1965-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеген.1976 жылдан гараж меңгерушісі болып жұмыс істеді.981 жылдан Ленин атындағы колхоздың бас инженері. 1990 жылдан Ленин атындағы колхоз төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1992 жылдан Ленин атындағы колхоздың мал шаруашылығы кешенінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1994 жылдан бастап «Кудря А.М.» шаруа қожалығының басшысы болды.
Қарғалы ауданы мәслихатының 2 шақырылымдарының депутаты. Қазіргі уақытта «Кудря А.М.» шаруа қожалығында еңбек етеді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен м арапатталған
Қарғалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы №204 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1957 жылы Актөбе облысы Ш.Қалдаяқов ауылында туған.Білімі жоғары-экономист Алматы халық шарушылығы институты. Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы Пацаев атындағы шаруашылығында жұмысшы-слесарь болып бастаған. 1975-1977 ж.ж- Пацаев атындағы шаруашылықта тракторист-жүргізуші. 1980-1982 ж.ж- Пацаев атындағы шаруашылықта агроном 1982-1986 ж.ж-Қарғалы шаруашылығында бригадир 1987 ж. - Қарғалы шаруашылығында қалыптау кеңесінің директоры. 1989-1991ж.ж-Ақтөбе ауданы аудандық қалыптау кеңесінің директоры. 1991-1999ж.ж-Ақтөбе аудандық тұтыну кеңсесінің басқарма төрағасы. 1999 ж.-Қарғалы ауданының «Өмірұзақ» ЖШС директоры. 2003-2005 ж.ж-«Ауыл өнімдері» КМК директоры. 2005-2007 ж.ж-«Шнар» ӨК директоры. 2007 жылдан-«Арыстанғали» ШК басшысы. «Шәмші аға-ән аға» қоғамдық кордың директоры, 2008 жылдан бастап қазақтың атақты әншісі,композитор Ш.Қалдаяқовтың рухын асқақтап фестиваль өткізеді. Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы №145 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1950 жылы туған. 1967 жылы Қос Естек мектебін бітірген. 1973 жылы Жамбыл гидромелиоратив- құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент қаласындағы Казюжгидроподхоз жобалық зерттеу институтында бастаған. 1979-1983 жылдары Қарғалы су қоймасынының басшысы. 1983-1989 жылдары «Актюбеводстрой» трестінде бөлім басшысы. 1989-1991 жылдары Қарғалы су қоймасынының басшысы. 1991 жылы «Ардағым» шаруа қожалығын ашып,балық шаруашылығымен айналыса бастады. Қарғалы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 5 қазандағы №2 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1947 жылы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Петропавловка ауылындағы орта мектепті бітірді. 1980 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "ғалым зоотехник" мамандығы бойынша бітірген. Сағынтай Жалмұхамбетұлы еңбек жолын 1969 жылы Қызылорда сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып бастап, 1971 жылы Кемпірсай ауылдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 1974 жылдан Краснополян ауылдық кеңесінің төрағасы болды. 1977-1982 жылдары Ленин ауылдық округінің төрағасы болды. 1982 - 1983 жылдары "Доброволец" колхозының партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1983- 2001 жылдары "Авангард" ұжымшарының мал шаруашылығы төрағасының орынбасары қызметінен бастап, кейін ұжымшардың партком хатшысы болды. 1985 жылы "Авангард" колхозының төрағасы болып тағайындалды. 2002-2003 жылдары Кемпірсай ауылдық округінің әкімі. 2006-2008 жылдары "Лад Қарабұтақ" ЖШС директоры. 2008-2010 жылдар аралығында Кемпірсай ауылдық округінің әкімі. Қарғалы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 5 қазандағы №2 шешімімен «Қарғалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Исмагулова Жаңылсын Ертайқызы 1960 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Еңбек жолын 1979 жылы Ақтөбе кооперативтік техникумын бітіргеннен кейін тұтыну кооперациясының экономисті болып бастады, кейін Ақтөбе қалалық сауда-саттық жүйесінде жұмыс жасады. Ақтөбе қаласы Фрунзе ауданының депутаты болып сайланды. 1985 жылы Қарағанды кооператив институтын сырттай бітірді. 1986 жылдан – Ақтөбе қалалық Сауда комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1989 жылдан бастап Қарғалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс жасады. 2006 -2019 ж.ж – кәсіпкерлік бөлімінің, Қарғалық аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. ҚР Конституциясының 10 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына орай мерейтойлық медальдармен марапатталған. 2021 жылдан - Қарғалы ауданының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарып келеді.

Ильчевская Лариса Николаевна 1959 жылы 5 тамызда Ақтөбе облысы Ленин ауданы Ащылысай ауылында дүниеге келген. Лариса Николаевнаның жалпы педагогикалық өтілі-46 жыл,оның ішіндегі 36 жылын Ащылысай орта мектебінің директоры болып еңбек етті. Өз еңбек жолны 1976 жылы тарих пәнінің мұғалімі ретінде Сазды сегізжылдық мектебінде бастаған. 1977-1979 ж.ж – Велихов сегізжылдық мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып еңбе етті. Кейінен Ащылысай орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі етіп ауыстырылды. 1986 жылы Орал педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1986 жылы Ащылысай орта мектебінің директоры етіп тағайындалды. Қарғалы аудандық мәслихатының 4 және 5 шақырылым депутаты болып сайланды. Ильчевская Лариса Николаенва ұзақ жылғы педагогикалық адал еңбегі көптеген Құрметті грамоталары,Алғыс хаттармен марапатталған. 2016 жылы «Жыл адамы» атанған. «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгілерімен және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» и «Мамандыққа адалдық» медальдарымен марапатталған .

Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы 1963 жылы 23 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясында "Есеп және аудит" мамандығы бойынша, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.. Еңбек жолын Қобда ауданында агроном- тұқым өсіруші болып бастаған. Әр жылдары «Бестау» ЖШС-ін, Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару бойынша Агентігінінің Аймақаралық жер инспекциясын, Ақтөбе облысының Қобда,Темір,Қарғалы аудандарын, Ақтөбе облысының Табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарған. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Жылқыбеков Хандола 1954 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданының Қопа ауылында дүниеге келген. Білім: жоғары Халықаралық қазақ-орыс университетін «заңгер» және Москва халықаралық экономика, информатика, құқық және қаржы институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы Мартөк аудандық «Казсельхозтехника» ӘБ слесарь болып бастаған. 1971- 1972 ж.ж. - Мартөк ауданында еңбек етті. 1973 - 1977 ж.ж- Ленин ауданы «18 партсъезд» атындағы кеңшарда жүргізуші болып жұмыс істеген. 1977 жылы №3 Әлімбет ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесіне комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1979-1982 ж.ж - Ленин ауданында партиялық қызметте болды. 1985 жылы Ленин аудандық «Казсельхозтехника» өндірістік бірлестігінің желілі-құрастыру учаскесінің бастығы болды. 1987 жылдан бастап Ленин аудандық типографиясын басқарды. 1992 жылдан бастап Кемпірсай КСК басқармасында экскаватор машинисінің көмекшісі, БелАЗ автокөлігінің жүргізушісі болып еңбек етті. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы кеден органдарында түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. 2010 жылы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2012 - 2015 ж.ж Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы. 2015 - 2016 ж.ж- Қарғалы ауданы әкімінің өндірістік мәселелері жөніндегі орынбасары. Кеден органдарында кіршіксіз қызметі үшін «ҚР Кеден қызметіне 10 жыл» төс белгісімен марапатталды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», медаль «Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен және «Жыл адамы-2015» медальмен марапатталды. Көптеген Құрмет грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.