2026 жылғы 14 қазан күні Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындармен кездесті.
Облыс әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.Алдымен қала әкімі Айқын Қылышев 2026 жылғы даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан кейін облыс әкімі өңірдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Cаяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
Қаражал қаласының округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы Қаражал қалалық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 және 19 – баптарына сәйкес округтік, учаскелік сайлау комиссиясының кейбір мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Қаражал қалалық мәслихаты округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізетінін хабарлайды.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 02 қазанынан бастап қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмені;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері қалалық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні көрсетілуі тиіс.
Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2026 жылдың 02 қазанынан бастап 16 қазаны (қоса алғанда) аралығында (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) төмендегі мекен-жай бойынша қабылдайды:
Қаражал қалалық мәслихаты, Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9.
Қалалық мәслихаттың төрағасы – Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова.
Материалдарды жинауға жауапты – қалалық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Ақелік Алпысбайқызы Нұрмағанбетова, бас маман – Айтмағанбетова Гүлім Құнанбайқызы жұмыс тел. 8(71032) 2-64-40, каб. 203, электрондық почта maslihatkarazhal@mail.ru
|
Реттік нөмірі |
Комиссия түрі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Комиссия мүшелерінің саны |
|
Қаражал қаласының округтік сайлау комиссиясы |
|||
|
1 |
Округтік сайлау комиссиясы №1 |
Қаражал қаласы, 25 орам, 24. №7 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
2 |
Округтік сайлау комиссиясы №2 |
Қаражал қаласы, Абай көшесі,10. Мәдени-сауық орталығы |
4 |
|
3 |
Округтік сайлау комиссиясы №3 |
Қаражал қаласы, Көшмағамбетов көшесі, 1 Төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы ғимараты |
3 |
|
4 |
Округтік сайлау комиссиясы №5 |
Қаражал қаласы, Теміржол көшесі, 13. №5 бастауыш мектеп |
2 |
|
5 |
Округтік сайлау комиссиясы №6 |
Қаражал қаласы, Абай көшесі,11. №3 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
6 |
Округтік сайлау комиссиясы №7 |
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Мұратбаев көшесі, 11. №30 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
7 |
Округтік сайлау комиссиясы №8 |
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Абай көшесі, 22. Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы |
2 |
|
Қаражал қаласының учаскелік сайлау комиссиясы |
|||
|
1 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №69 |
Қаражал қаласы, Абай көшесі,11. №3 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
2 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №71 |
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Абай көшесі, 22. Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы |
2 |
|
3 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №73 |
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлугтер көшесі, 85. №10 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
4 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №75 |
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлугтер көшесі, 85. №10 жалпы білім беретін мектеп |
1 |
|
5 |
Учаскелік сайлау комиссиясы №76 |
Қаражал қаласы, Шалғы кенті, К.Маркс көшесі,3-2а. №7 мектеп филиалының бұрынғы ғимараты |
1 |
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVIII сессиясы өтті.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан жан-жақты талқылау жүргізілді.
Отырыста Қаражал қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралып, Қаражал-Жәйрем өңірінің 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке және Қаражал қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау, сондай-ақ Қаражал қаласының 2026–2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, Қаражал қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, Қаражал қалалық мәслихатының тиісті шешімдері қабылданды.
Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының
Ш Е Ш І М І
Қаражал қаласы № 7 2026 жылғы 24 қыркүйек
Қалалық мәслихаттың
кезекті XLVІІІ сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:
Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде жеті күн қалғанда табыс етілсін.
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
Х А Б А Р Л А М А
Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVІІІ сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
2026 жылғы 23 шілдеде Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Өңіріміздің өзекті мәселелері талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселелер:
Басты жаңалықтар мен бөлінген қаржы бағыттары:
Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының
Ш Е Ш І М І
Қаражал қаласы № 5 2026 жылғы 21 шілде
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс XLVІ сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:
Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
Х А Б А Р Л А М А
Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLV сессиясы өтті
Қаражал қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті XLV (45) сессиясы өтіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелер қаралды. Сессияны қалалық мәслихат төрағасы Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова жүргізді.
Сессия жұмысына қала әкімінің міндетін атқарушы, әкім орынбасарлары, кент әкімдері, сондай-ақ онлайн форматта Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілі, қоғамдық кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
– 2025 жылғы қала бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту;
– Жәйрем және Шалғы кенттері бюджеттерінің орындалуы туралы есептер;
– Қаражал–Жәйрем өңірінің денсаулық сақтау саласының жай-күйі және ана мен бала денсаулығы;
– Аймақтағы білім беру мекемелерінің жай-күйі мен білім сапасы;
– тағы басқа мәселелер.
Сессия барысында Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі қорытынды есепті ұсынды. Баяндамада бюджет кірістерінің орындалуы мен негізгі көрсеткіштердің оң серпіні атап өтілді. Сонымен қатар алдағы кезеңде бюджеттік жоспарлау сапасын жетілдіру және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі көрсетілді.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – Қаражал–Жәйрем өңірінің денсаулық сақтау саласы болды. Депутаттар ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық қызмет сапасын арттыру және кадрлық әлеуетті нығайту бағытындағы жұмыстарды талқылады. Жалпы саладағы жағдай тұрақты деп бағаланды.
Сонымен қатар білім беру саласына қатысты мәселе қаралып, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. Баяндамаларда білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, оқыту сапасын арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Депутаттар тарапынан осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру, материалдық базаны кезең-кезеңімен нығайту және педагог кадрларды қолдау мәселелеріне назар аудару ұсынылды.Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, олардың орындалуын бақылау тұрақты комиссияларға жүктелді.
2026 жылғы 29 сәуірінде Қаражал қалалық мәслихатының депутаты А.Мауленина өз сайлау округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау, Әлиев көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығын шектеу, жасанды жол кедергілерін орнату, жол таңбаларын салу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар кейбір электр беру бағаналардың апатты жағдайда екендігі және жаңа салынған тұрғын үйлердің қоршауларының тиісті деңгейде орнатылмай, жерге құлап жатқаны жөнінде мәселелер көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады
АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ СЕНІМ!
“AMANAT” партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халық алдындағы есептік кездесулерінің басталуына байланысты, қалалық мәслихат депутаты Жалғасқан Құрмансейітов ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні бекітілген кестеге сәйкес № 6 сайлау округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Зәмзәгүл Оспанова, қала әкімдігінің бөлім басшылары және учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген барлық сұрақтарға тұжырымды жауаптар беріліп, ұсыныстар есепке алынып, бақылауда болатыны жеткізілді.
Бұндай кездесулер тұрғындардың сенімдерін нығайтуға, өзекті мәселелерді тікелей тыңдап, жедел шешуге бағытталған тиімді құрал
Қаражал қалалық мәслихат депутаты, А.Мауленина ескі Қаражал шағын аудан тұрғындарымен халық алдыңдағы кездесуін өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық әрі түсінікті жауаптар берілді.