Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылғы орындаған жұмыстары туралы есебі
Қаражал қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында мына депутаттар бар.
М.Р.Шамбулов - комиссия төрағасы, мүшелері –Мауленина Айгүл Құлқызы, Жаксыбеков Данияр Даукенұлы, Садыков Алтынбек Айкенұлы, Такибаев Арынғазы Шәкірұлы.
Тұрақты комиссия өз жұмысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, қалалық мәслихаттың Регламентіне және жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.
Тұрақты комиссияның мүшелері аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму мәселерін шешуге, 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджетін қарауға және қабылдауға белсене қатысып, тиісті ұсыныстарын беріп отырады.
Білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне бөлінген қаржы біраз ұлғайды.
Әлеуметтік сала бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік адрестік көмекке, тұрғын үй жәрдемақысына, мүгедектерге материалдық көмек көрсетуге қаражат бөлінді.
Қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қомақты қаражат бөлінді.
Жәйрем -Қаражалдың көшелері жарықтандырылды.
Есепті мерзім ішінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 3 біріккен отырысы болды.
Қала әкімдігінің бөлімдерімен және бағдарлама әкімшілерімен бірлесе отырып, қалалық мәслихаттың сессиясының қарауына әлеуметтік салаға қатысты бағдарламалар мен көптеген мәселелер енгізілді. Олар:
-Аймақтағы білім беру саласындағы жағдайы және оны болашақта дамыту туралы.
Сессияда қаралатын мәселелер бойыша қалалық мәслихатта құрылған уақытша жұмыс тобы жұмыс істейді. Жинақталған материалдарды пысықтап, талдау кезінде Қаражал өңірінде осы салалардағы орын алып отырған мәселелерге назар аудырылады.
Осы мәселелердің бәрі де шешімге енгізілген, атқару органдарына және тиісті органдар басшыларына ұсыныстар берілген және үнемі тұрақты комиссияның бақылауында болады.
Сессия қарауына ұсынылатын негізгі мәселелерді дайындау кезінде тұрақты комиссия мүшелері үнемі белсенді түрде жұмыс атқарады.
Ағымдағы жыл барысында тұрақты комиссиялардың біріккен көшпелі отырыстары ұйымдастырылып мекеме басшылары шақырылып, Жәйрем кентіндегі қордаланып қалған біраз мәселелер талқылауға түсті. Нәтижесінде жылу беру маусымына дайындық барысы, ауызсумен қамтамасыз ету, Жәйрем кентінің автомобиль жолдарын жөндеу, кәріз жүйелерін жөндеу, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару туралы мәселелер қаралып, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссия мүшелері тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында және сессияларда комиссия құзырына жататын аймақтық бағдарламаларды бекіткенде, олардың іске асырылуы және іске асыру барысы туралы қарағанда, осы мәселелерді дайындауға белсене қатысып, сөз сөйлеп өз ұсыныстарын енгізіп отырады.
Комиссияның барлық мүшелері қала әкімінің халық алдында есеп беру кездесулеріне қатысты.
Депутат халықтың өкілі бола отырып өз сайлаушыларының еркі мен мүдделерін қорғауға тиісті. Сондықтанда өз сайлау округтеріндегі проблемаларға үлкен мән береді.
Сайлаушылардың тілектері бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы: балалар алаңдары абаттандырылды, ішкі жолдар жөнделді, аймағымызда ұйымдастырылған сенбіліктерде көптеген жұмыстар атқарылды. Тұрғындармен бірлесе отырып тазалау жұмыстары жүргізілді, қалалық мәслихат депутаттары мектептер мен қазандықтарды аралап, олардың тұрақты жұмыс істеуін бақылап отырады.
Биылғы жылы оффлайн форматта сайлаушылармен тілдесіп, олардың қоятын сұрақтарының көпшілігі жылу мен сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесі. Міне, осы айтылған талап тілектер қағазға түсіріліп, әрі қарай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көптеген мәселелер шешімін тапты.
Депутат халықтың өкілі, осыған орай әрбір депутат өз округінде сайлаушылардың тыныс-тіршілігіне араласа отырып, олардың арасында туындап отырған проблемаларын шешуде барынша үлес қосуда.
Депутаттардың сайлаушылармен жұмыстарының бір түрі азаматтарды, сайлаушыларды қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу. Тұрақты комиссия құрамына кіретін барлық депутаттар бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес тұрақты түрде өз сайлау округтерінде осындай қабылдауларды іске асырып отырады.
Кент халқының ауыз сумен, көпқабатты тұрғын үйлердің жылумен, жарықпен тұрақты қамтамасыз етілуі бойынша туындаған мәселелерінің шешілуіне тұрақты түрде ат салысады.
Әрине, біраз шаруалар да тындырылды. Дегенмен алдымызда әлі де атқаратын көп істер бар.
Әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім, мәдениет саласын жетілдіруге, медициналық қызметті жақсартуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты мәселелерді шешуге бар күш-жігерін жұмсайды деп сіздерді сендіруге рұқсат етіңіздер.