Мәслихат тарихы
Жергілікті өкілетті органдар – депутаттар жиналысы – маслихаттарға республикада алғашқы сайлау 1994 жылғы 7 наурызда, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңының негізінде жүргізілді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша жергілікті өкілетті органдар «мәслихаттар» деп аталды.
Қаражал қалалық мәслихатына депуттар сайлауын өткізу үшін 25 сайлау округі құрылып, 28 үміткерден 25-і депутат болып сайланды. Бұл Қазақстан Республикасындағы мәслихаттардың бірінші шақырылымы болды. Қаражал қалалық мәслихатының І сессиясы - депутаттар жиналысы 1994 жылғы 29 наурызда өткізілді. Депутаттар жиналысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы В.В. Титарев ашып, жүргізіп отырды. Көпшілік дауыспен қалалық мәслихаттың - депутаттар жиналысының хатшысы болып Жәйрем-Атасу ЕЭА ұйымдастыру бөлімінің бастығы Алин Балтабай сайланды. Сессияда үш тұрақты комиссия құрылып, олардың құрамына 17 депутат сайланды. Қалалық Мәслихат – депутаттар жиналысының сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, халық тұтынатын товарларын өндіру, экология және биоресурстар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (төрағасы – Дорошенко В.С.), Қалалық Мәслихат – депутаттар жиналысының экономика мен шаруашылық механизмін басқару, жоспар мен бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (төрағасы – Федориненко А.Ф.), Қалалық Мәслихат – депутаттар жиналысының заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссисы (төрағасы – Квачев А.В.) құрылды.
Екінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының 1 сессиясы 1999 жылдың 10 қарашасында өткізілді. Сессияны қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Жакипова ашып, жүргізіп отырды. Қаражал қалалық мәслихатына депуттар сайлауын өткізу үшін 12 сайлау округі құрылып, 12 депутат сайланды. Көпшілік дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып Алин Балтабай екінші мерзімге сайланды.
Үшінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының ұйымдастыру сессиясы 2003 жылдың 6 қазанында өткізілді. Сессияны қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Жакипова ашып, жүргізіп отырды. Қаражал қалалық мәслихатына 12 сайлау округ бойынша 12 депутат сайланды. Көпшілік дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып Алин Балтабай үшінші мерзімге сайланды.
2004 жылдың 30 сәуірінде №4 сайлау округінің депутаты А.Тыхметовтың төрағалығымен үшінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізіліп, денсаулығына байланысты Б.Алиннің өз еркімен хатшылық лауазымынан кетуіне байланысты, көпшілік дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып № 7 сайлау округінің депутаты Н.Кәдірсізов сайланды.
Төртінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 2007 жылдың 3 қыркүйегінде өткізілді. Сессияны қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Жакипова ашып, жүргізіп отырды. Қаражал қалалық мәслихатына 12 сайлау округі бойынша 12 депутат сайланды. Ашық дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып № 7 сайлау округінің депутаты Н.Кәдірсізов екінші мерзімге сайланды.
2012 жылдың 23 қаңтарында бесінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Ілиясов ашты. Қаражал қалалық мәслихатына 12 сайлау округі бойынша 12 депутат сайланды. Сессия қалалық мәслихаттың депутаты Т.Қасымовтың төрағалығымен өтті. Ашық дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып № 1 сайлау округінің депутаты Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова сайланды, Қаражал қалалық мәслихаты «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының басшысы болып Талғат Аяпбергенұлы Қасымов сайланды.
2016 жылдың алтыншы шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Ілиясов ашты. Қаражал қалалық мәслихатына 12 сайлау округі бойынша 12 депутат сайланды. Ашық дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып № 1 сайлау округінің депутаты Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова сайланды, Қаражал қалалық мәслихаты «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының басшысы болып Шамбулов Марлан Рымбекұлы сайланды.
2021 жылыдың 15 қаңтары жетінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Үйсімбаев ашып жүргізді. Қаражал қалалық мәслихатының 11 сайлау округінен 11 депутат сайланды. 10 депутат «Nur Otan» партиясынан болса, 1 депутат «Ауыл» партиясынан сайланды. Ашық дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы болып № 1 сайлау округінің депутаты Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова сайланды.