Қалалық мәслихат хатшысының 2022 жылы
атқарған жұмыстары туралы есебі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 - бабына сәйкес мәслихаттар жылына бір рет атқарылған жұмыстары бойынша есеп беруі тиіс, сол себепті 2022 жылғы қалалық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы есепті назарларыңызға ұсынамын.
Мен өз қызметімді Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің Қаулыларын орындауға, Қаражал – Жәйрем өңірінің өсіп-өркендеуі үшін жүргізіліп жатқан игі істерді жүзеге асыруға және осы заңдар шеңберінде қалалық, поселкелік әкімдіктермен, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен, тұрғындармен, яғни сайлаушылармен тығыз қарым-қатынаста болуға бағыттадым.
Мәслихат қызметінің негізгі формасы мәслихаттың құзырына сәйкес қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін көтеріп, елді мекендер мен аймақтарда міндетті түрде орындалуы үшін шешімдер қабылданатын, сессия болып табылады. Сессия жоспарға сәйкес өткізіледі.
Сессияның күн тәртібі сессияда анықталып, бекітіледі. Қалалық мәслихаттың регламентіне сәйкес, сессия материалдарын дайындауды қала әкімі аппаратының бөлімдері тұрақты комиссиялармен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сұрақтар мен шешімдердің жобалары тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында қаралып, тиісті қаулы қабылданғаннан кейін, сессияның қарауына жіберіледі.
VII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының депутаттық корпусы 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлау нәтижесінде жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланған.
2022 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде 3 кезекті, 10 кезектен тыс сессия өткізілді. Онда 98 шешім, оның ішінде, 14 нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер қабылданды.
Есепті кезеңде сессия отырыстарында келесі жоспарлы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:
Сондай-ақ, қалалық және кенттер бюджеттерін нақтылау мәселелері бойынша 7 кезектен тыс сессия өткізілді. Барлық жүргізілген нақтылаулар, бірінші кезекте, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және үнемделген қаражатты өңірді дамытудың бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағыттаумен байланысты болды. Бұл нақтылауларда да мәслихат депутатары өз ойлары мен қажетті пікірлерін жеткізіп, тиімді ұсыныстар беріп отырады.
VII шақырылған қалалық мәслихаттың ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін кезекті сессиясында келесі мәселелер қаралады деп жоспарлануда:
Сессияның және тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындау барысында, құрамында мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларынан жұмыс топтары құрылып, қалалық мәслихатқа объективті анықтамалар мен қажетті ақпараттар беріп отырады.
Құрметті депутаттар! Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы, халықтың тыныс - тіршілігін қамтамасыз ету тәрізді маңызды мәселелерді талқылау қала әкімінің, оның орынбасарларының, бөлімдер мен қала мекемелерінің басшыларының қатысуымен талқыланатына куәсіздер. Олардың сөйлеген сөздері мен айтқан ұсыныстары депутаттарға дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Қалалық мәслихат хатшысы қол қойған барлық шешімдер мемлекеттік тілде басылып, қала әкіміне және тікелей орындаушыларға уақытында жолданып отырады.
Сессияға жергілікті «Қазыналы өңір» газетінің редакторы, Қоғамдық кеңес мүшелері шақырылып, қатысып отырады. Жергілікті газетте сессия шешімдері, депутаттардың мақалалары жарияланып тұрады.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес жалпы міндетті білдіретін ведомствоаралық немесе азаматтардың құқығына, бостандығына және міндеттеріне қатысты мәслихат шешімдері Заңмен бекітілген тәртіп бойынша Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізіледі. Тіркеуден өткен шешімдер жергілікті «Қазыналы өңір» газетінде, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында уақытында жарияланып отырады.
Бекітілген кестеге сәйкес қалалық мәслихат хатшысының және депутаттардың қабылдауы өткізіліп тұрады. Жеке қабылдауға азаматтар әр түрлі сұрақтармен келеді, оның ішінде: коммуналдық шаруашылық мәселелрі, жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері, тұрмыстық қажеттіліктерін шешу мәселелері басымырақ. Ол сұрақтардың көпшілігі оң шешімін табады, немесе шешу жолдарын түсіндіріп ауызша түсіндірме беріледі.
Одан бөлек қаламыздың Ақтай елді–мекеніне, Вокзал шағын ауданына барып халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, Мемлекет басшысының жолдауын, «AMANAT» партиясының бағдарламаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бұл жұмыстар қалалық мәслихат депутатарымен мекеме, кәсіпорын жұмыскерлері арасында да жүргізіліп тұрады.
Құрметті әріптестер! Мәслихат хатшысының міндеттері мен өкілеттігінің шеңбері Заңмен белгіленгенін атап өтемін, мен үнемі соларды басшылыққа аламын. Қалалық мәслихаттың қалалық әкімдікпен, қоғамдық құрылымдармен, халықпен өзара қарым-қатынасы құқықтық негізде болуына назар аударамын.
Биылғы жыл тарихи маңыздылығы зор күндерге толы болды:
- 2022 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтқан болатын.
2022 жылдың 3 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» №887 Жарлығы шықты. Осы жарлық негізінде бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылды. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім екенін Президент атап өтті.
- 2022 жылғы 11 маусымда Ұлытау облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары облыс әкімін сайлап және сол күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Берік Адбіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып бекітілді;
- 2022 жылдың 26 тамызында ҚР Парламенті Сенатының Ұлытау облысынан депутатының сайлауы өтті. Осы науқандардың бәріне мәслихат депутаттары белсене араласып, біркісідей қатысты.
- Ең маңызды тарихи күнінің бірі ол әрине мемлекетіміздің Президентінің сайлауының өтуі. Осы сайлау науқанына да барлық депутаттар бір адамдай белсене қатысты. 20 қараша - Қазақстан тарихының жаңа дәуірінің басталған күні. Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді бақытты етем деген ниетіне ғана емес, зор құлшыныс, жанашырлығына сенеміз.
Алдымызда атқарылатын істер де аз емес. Сессия шешімдерінің көрсетілген мерзімде, толығымен орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуіміз керек. Орындаушылардың жауапкершілігін арттырудың жолдарын қарастыру, мәслихат аппаратының жұмысын одан әрі жандандыру алдымызда тұрған міндеттердің бірі.
Алдағы уақытта Қаражал - Жәйрем аймағы халқының қажеттерін, күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерін шешу үшін қолымыздан келгенше барлық мүмкіндікті ұтымды пайдалануға тырысамыз.
Аймағымызда өтіп жатқан барлық іс-шараларға қалалық мәслихат депутаттары өз үлестерін қосып келеді және Қазақстанымыздың қаутты мемлекет болуы жолында әлі де жұмыла еңбек етеді деп айта аламын.