Қаражал қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

«Қазақстан Республикасының салық кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің  726-бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаражал қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы

 

З.Оспанова



Дата публикации
23 октября 2025