Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының Ш Е Ш І М І

Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

Ш Е Ш І М І

Қаражал қаласы                                    № 10                   2025 жылғы 2 желтоқсан

 

Қалалық мәслихаттың

кезектен тыс XXХVІ сессиясын

шақыру туралы

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XXХVІ сессиясы 2025 жылдың 9-желтоқсанында сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
  2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.

Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                    З.Оспанова                              

 

Х А Б А Р Л А М А

         Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XXХVІ сессиясы 2025 жылдың 9-желтоқсанында сағат 11.00-де  Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

Сессия  қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 219 «2025 - 2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №241 «2025-2027 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Қалалық мәслихаттың төрғасы                                         З.Оспанова

Дата публикации
02 декабря 2025