Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының Ш Е Ш І М І

Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

Ш Е Ш І М І

Қаражал қаласы                                    № 9                   2025 жылғы 24 қараша

 

Қалалық мәслихаттың

кезектен тыс XXХV сессиясын

шақыру туралы

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XXХV сессиясы 2025 жылдың 27-қарашасында сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
  2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.
  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                З.Оспанова                              

 

Х А Б А Р Л А М А

         Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XXХV сессиясы 2025 жылдың 27-қарашасында сағат 11.00-де  Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

Сессия  қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Қаражал қалалық мәслихаты депутатының мандатын беру туралы.
  2. Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құық қорғау, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы және төрағасын сайлау туралы»  № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  1. Қаражал қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы «AMANAT» партиясының депутаттық  фракциясын тіркеу туралы» № 10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Қаражал қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
  3. Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2025 жылғы 17 наурыздағы № 248 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

 Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                              З.Оспанова

Дата публикации
25 ноября 2025