Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

          Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5917 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

шешіміне қосымша

 

Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 шешіміне 2-қосымша

 

 

 

 

 

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

 

№

Атауы

1

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

2

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

3

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

4

Толық емес отбасылар

5

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары.

 

Дата публикации
02 декабря 2024