Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Қаражал қаласы                                   №                             ___  ________ 2024 ж.

 

Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №91-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

         1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

         2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қаражал қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

         3) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

         4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

         5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

         6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

         7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

         8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

         9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

         10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

         11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін Қаражал қаласы әкімінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

         12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

         13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

         14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

         15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;

2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін осы Қағидалармен анықталады және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.

         Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

         1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

         2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

         3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

         4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

         5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

         6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

         7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

         Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін Қаражал қалалық мәслихаты бекітеді.

         Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Қаражал қалалық мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл көрсетіледі.

         1) дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

         2) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне байланысты адамға (отбасыға):

         амбулаториялық емделу кезеңінде «туберкулез» әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         стационарлық емдеуден кейін «қатерлі ісіктер» әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамадарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         иммунитет тапшылығы вирусы аурумен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         иммунитет тапшылығы вирусы аурумен жұқпаланған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерде;

         3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде болған адамдарға – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;

         4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеуге алып жүрген адамдарға санаторий-курорттық ұйымда болу құнына Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды және санаторий-курорттық емдеуді алу туралы растайтын құжаттарды (санаторий-курорттық ем алу туралы актісі, шот-фактура) қоса ұсына отырып өтініш негізінде – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

         5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға және бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамдарға – жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 12-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«12. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.

         Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 13-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

         Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

         АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

         1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

         2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

         3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

         дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

         өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

         әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

         жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

         жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

         бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

         Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

         Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

         Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

         Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.»;

4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 14-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Қаражал қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

         Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.»;

4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 15-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

  «15. Мынадай:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

         Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

         Осы тармақтың 1) -3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.»;

5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы 18,19,20,21,22,23,24,25 тармақтармен толықтырылсын:

«18. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

         Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
  2. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:

         біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

         ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.

  1. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

         Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

         Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

  1. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
  2.          Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
  3.          Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
  4.          Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
  5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы

 

З.Оспанова

 

Дата публикации
02 декабря 2024