Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №144311 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.