2026 жылдың 28 қыркүйегінде Қаратал аудандық мәслихатының кезекті 65-шi сессиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Каратал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-139 «Қаратал ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асел Бейсембаеваның баяндамасы және «Аудан аумағында құрылыс саласын реттеу, елді мекендердің бас жоспарларын жүзеге асыру және сәулет-қала құрылысы талаптарының сақталуын қадағалау туралы» аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Диас Адаевтың есебі тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия отырысына аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков қатысты.
Тестілеуді бастамас бұрын және конкурс кезеңдерінен өту кезінде
бөлме мен жұмыс орнының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін
растау қажет. Төмендегі нұсқауларды мұқият орындауыңызды
сұраймыз.
1. Телефонды (360° камера) алып, бөлмені баяу толық шеңбер
бойымен көрсетіңіз.
Телефонды күрт қозғалтпаңыз — бейне анық болуы тиіс
2. Бөлмені толық шеңбер бойымен көрсетіңіз, бейнекадрға
төмендегілердің барлығы толық қамтылуы тиіс:
барлық қабырғалар;
бұрыштар;
төбе;
үстелдің астыңғы бөлігі.
3. Тестілеу/конкурс кезеңі барысында пайдаланылатын
жабдықтарды көрсетіңіз:
монитор;
пернетақта;
компьютер тінтуірі;
жүйелік блок (егер пайдаланылса).
4. Шолу аяқталғаннан кейін телефонды (360° камераны) жұмыс
орны, кандидаттың қырынан көрінісі, монитор аймағы және оның
артындағы кеңістік бейнежазбаға толық түсетіндей жеткілікті
қашықтықта бекіту қажет.
Тестілеу/конкурс кезеңі аяқталғанға дейін телефонның орналасқан
жерін өзгертуге жол берілмейді.
БӨЛМЕДЕ ҚОСЫМША БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛМАУЫ ТИІС.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі ретінде дәріптеуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
2026 жылғы 31 тамызда Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Баяндамашы: А. Алпысбаев - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді
дамыту және спорт бөлімінің басшысы.
Баяндамашы: Г. Құйқалақова - №25 бөбекжай – бақша меңгерушісі.
және жан-жақты дамуына жағдай жасау туралы» аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің хабарламасы.
Баяндамашы: Н. Рахметқазынов - Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.Ч
2026 жылғы 31 тамызда Қаратал аудандық мәслихатының кезекті 63-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдібекұлының «Қаратал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі» туралы баяндамасы тыңдалып, оның атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, тиісті шешім қабылданды.
Сессия отырысына мәслихат депутаттарынан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес хабарлаймын:
2026 жылдың 31 тамызында сағат 12-да Үштөбе қаласында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қаратал аудандық мәслихатының кезекті 63-ші сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселе қаралады:
- «Қаратал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі».
Баяндамашы: Ұ.Досымбеков - аудан әкімі.
Сессия отырысына мәслихаттың депутаттарынан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім, комитет, басқарма, мекеме басшылары, ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары мен бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Мәслихат төрағасы М.Әкімжанов.
2026 жылдың 22 сәуірінде Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
1. «Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға мемлекеттік негізде қамқорлық көрсету жұмыстарының аудан аумағындағы жағдайы туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының баяндамасы.
Баяндамашы: А. Қарымсақова - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.
2. «Бастөбе ауылдық округі әкімдігінің өзіне қарасты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмыстары туралы» Бастөбе ауылдық округі әкімінің есебі.
Баяндамашы: Э. Ким - Бастөбе ауылдық округінің әкімі.
3. «Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, қоғамдық денсаулықты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы» ҚРАШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының хабарламасы.
Баяндамашы: С.Бәзікей - ҚРАШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
4. «Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында Байшегір ауылдық округі әкімі аппаратының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары туралы» Байшегір ауылдық округі әкімінің хабарламасы.
Баяндамашы: А.Тілеуғасым - Байшегір ауылдық округінің әкімі.
2026 жылдың 22 сәуірінде Сегізінші шақырылған Қаратал аудандық мәслихатының кезекті елу сегізінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде:
«Қаратал ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының есебі қаралды.
Баяндамашы: А.Бейсембаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2025 жылдың 18 тамызында Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Баяндамашы: Д.Ашықбаев – Қаратал ауданының мансап орталығы филиалының директоры.
Баяндамашы: Т.Уәлиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
2025 жылдың 18 тамызында Қаратал аудандық мәслихатының кезекті XLVI сессиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Қаратал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі туралы» аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбековтің баяндамасы тыңдалып, оның атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, тиісті шешім қабылданды.
Сессия отырысына мәслихат депутаттарынан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.