ЖОБА
«Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қаратал аудандық
мәслихатының 2023 жылғы 15 мамырдағы № 6-21 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
3-тармақта мынадай редакциядағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде болған «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы Әдістеменің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай редакциядағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
НМИ барлығы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиісті түрде орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындайды» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) жобасын.
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 9, 10 және 11-қосымшалармен толықтырылсын.
Қаратал аудандық
мәслихатының төрағасы М. Акимжанов
Қаратал аудандық
мәслихатының
________________№ _______
шешімге 1-қосымша
«Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
9-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мәслихат төрағасы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің
бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________
Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________
|
№ п/п |
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
«А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы мәні |
Қол жеткізу мерзімдері |
Түйінді нәтиже* |
|
|
|
|
|
|
|
|
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
|
Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ |
Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ |
Қаратал аудандық мәслихатының ________________№ _______
шешімге
2-қосымша
«Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
10-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мәслихат төрағасы
___________(тегі, аты-жөнінің
бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
|
№ п/п |
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы мәні |
Нақты мәні |
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау нәтижесі ________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
|
Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ |
Тікелей басшы _________________________ (тегі, аты-жөні) күні ____________________ қолы __________________ |
Қаратал аудандық мәслихатының ________________№ _______
шешімге
3-қосымша
«Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
11-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
_____________________
(тегі, аты-жөнінің
бірінші әріптері
күні ______________________
қолы ______________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________
бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
|
№ р/с |
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет |
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) |
Комиссияның ұсыныстары |
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
Комиссия қорытындысы: ____________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: _________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: _________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: __________________________ Күні: ______________
(тегі, аты-жөні, қолы)