2023 жылғы 22 қараша № 14-47 "Қаратал ауданында  мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы"

Қаратал ауданында  мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы                        4)тармағына  сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратал ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойыншаүйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 23-62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26741 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

 

  М.Әкімжанов

Дата публикации
10 января 2024