2023 жылғы 13 желтоқсан №15-53 "Қаратал ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы"

Қаратал ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді
бекіту туралы

 


Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының
3-тармағының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық
үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және
көмуге арналған тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №
377 бұйрығына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының санаттары бойынша қалдықтардың пайда болу
нормаларының есептік көрсеткіштері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес
бекітілсін.
2. Қаратал ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы
шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қаратал аудандық

мәслихатының төрағасы                                          М. Әкімжанов

Дата публикации
09 января 2024