ЖОБА
«Қаратал ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын(схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы №19-54 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтык актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қаратал ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы №19-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 161170 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ЛАУАЗЫМЫ Аты-жөні