«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Қаратал аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
____________ № ____
шешіміне қосымша
Қаратал аудандық мәслихатының күші жойылды деп
танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 22 қарашадағы № 14-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99-19 болып тіркелген) шешімі.
2. «Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №14-49 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 28 мамырдағы № 23-82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 221-19 болып тіркелген) шешімі.
3. «Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 14-49 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 34-108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 260-19 болып тіркелген) шешімі.
4. «Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 14-49 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 40-119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 296-19 болып тіркелген) шешімі.