Меню

Страницы

Статья

Қарасу ауданының Қоғамдық кеңесіне конкурс өткізу туралы

Қарасу ауданының Қоғамдық кеңесіне конкурс өткізу туралы

 

Қарасу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі жұмыс тобы Қарасу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсына алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат он сегіз жасқа толған, сондай – ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті деңгейде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

  1. заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болуы;
  2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға;
  3. психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруға міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін:

  1. коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  4. психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның қатысуымен ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды ұсынуға жазбаша келісіммен ұсынады.

Қоғамдық Кеңеске сайлау үшін тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін Кандидат конкурсқа жіберілмейді.

 

Жұмыс тобының құжаттарды қабылдауы 2025 жылғы 11-24 қаңтар аралығында Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 68. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, электрондық пошта: maslihatkarasu@mail.ru

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
10 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
2026 жылғы 18 мамырда Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы аудандық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шығыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын, Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы аудандық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Октябрь «Суық Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға беру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Ақпарат
03 июня 2025
1 маусымнан бастап президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады
Пайдалы ақпарат
04 февраля 2025
Қарасу ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы