Қарасай ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының
ШЕШІМІ №1
20 ақпан 2025 жыл Қаскелең қаласы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қарасай ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) бірінші отырысында ШЕШТІ:
келесі өкілдер сайланды деп есептелсін:
төрағасы Б.Айнабековтен осы шешімнің 1-тармағына сәйкес Жұмыс тобының құрамын бекітуді ұсынылсын.
қоғам өкілдері қатарынан Сара Құзырқызы Байбосынова сайланды деп есептелсін.
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 219) тармақшасының негізінде Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдарына сәйкес сайланатын мәслихат депутаттарының саның айқындау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының әдістемесін негізге алып, сайланатын Қарасай ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерінің саны 25 адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны 2 адам, азаматтық қоғам өкілдерінің саны 23 адам болып белгіленсін.
өтініштерін қабылдау мерзімі 2025 жылдың 26 ақпан мен 11 наурыз аралығында белгіленсін.
жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» Үлгілік ережені басшылыққа алсын.
Жұмыс тобының жетекшісі С. Байбосынова