Қарасай ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының ШЕШІМІ №1

Қарасай ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының

ШЕШІМІ №1 

 

20 ақпан 2025 жыл                                                                         Қаскелең  қаласы

 

 «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қарасай ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) бірінші отырысында  ШЕШТІ:

  1. Дауыс беру қорытындысы бойынша жұмыс тобының құрамына

келесі өкілдер сайланды деп есептелсін:

  • Байбосынова Сара Құзырқызы – «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қарасай аудандық жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
  • Нұрмұхан Сәния – ауданның жастар ресурстық орталығының маманы;
  • Ходжамуратов Тәжіғали Әбдіжамилұлы - «Жігер - М» мүгедек спортшылар федерациясының төрағасы;
  • Мулинов Бақытжан Изисұлы - Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Аманат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Әбілбеков Қордай Орынбайұлы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы;
  • Беркімбаева Жазира Бейбітқызы – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
  • Бисариева Гаухар Бақытжанқызы – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы.
  1. Заңның 8-бабы 4-тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихат

төрағасы Б.Айнабековтен осы шешімнің 1-тармағына сәйкес Жұмыс тобының құрамын бекітуді ұсынылсын.

  1. Көпшілік дауыспен Жұмыс тобының басшысы болып азаматтық

қоғам өкілдері қатарынан Сара Құзырқызы Байбосынова сайланды деп есептелсін.  

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы №866

қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 219) тармақшасының негізінде Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдарына сәйкес сайланатын мәслихат депутаттарының саның айқындау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының әдістемесін негізге алып,  сайланатын Қарасай ауданының  қоғамдық кеңесі мүшелерінің саны 25 адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны 2 адам, азаматтық қоғам өкілдерінің саны 23 адам болып  белгіленсін.

  1. Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында:
  • 2025 жылғы 24 ақпанда Жұмыс тобының осы шешім;
  • 2025 жылғы 25 ақпанда Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабарламасы жариялансын.
  1. Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттардың

өтініштерін қабылдау мерзімі 2025 жылдың 26 ақпан мен 11 наурыз аралығында белгіленсін.

  1. Қарасай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» Үлгілік  ережені басшылыққа алсын.

 

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі                                                С. Байбосынова

 

Дата публикации
12 марта 2025