Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Айнабековтың
2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
Тәуелсіз еліміздің демократиялық жолмен дамуының нақты көрінісі, атқарушы органдардың жаңа жүйесі, халықтың еркін білдіретін бірден-бір өкілетті орган мәслихаттар. «Қазақстан Республикасының өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңына сәйкес, 1994 жылы құрылған Қарасай аудандық мәслихаты, өзінің саяси-әлеуметтік мәселелерді үйлестіруші қызметінде, халық пен биліктің арасын жалғаушы, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық сұранысына жауап беруші, сайлаушыларының сенімінен шығып отырған өкілетті орган.
Аудандық мәслихат пен аудан әкімдігі – аумақтағы жергілікті биліктің қос тармағы. Аудан экономикасы мен шаруашылығының дамуы, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруы, қос биліктің ықпалдаса отырып, өзара бірлесіп атқарған межелі де міндетті жұмыстарының нәтижесі болмақ.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ-ші республикалық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі тетіктер», - деп атап өткен болатын. Республика Президентінің ұсынысымен Ата Заңымызға енгізілген өзгерістерге сәйкес халық қалаулыларының дәрежесі өсіп, жаңа міндеттері айқындалды.
Бүгінгі күнде Қарасай аудандық мәслихатының депутаттары қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде араласа отырып, өздеріне жүктелген міндеттер мен талаптарды жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етуде. Сайлаушылар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ой-пікірлердің атқарушы органдарға дер кезінде жеткізіліп, оңтайлы шешілуіне аудандық мәслихат депутаттары бар мүмкіндіктерді пайдалануда.
Аудандық мәслихат депутаттары - білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырумен қатар, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті өзекті мәселелердің қаржыландырылуына, аудандық бюджеттің оңтайлы бекітілуіне ерекше назар аударып отырады.
Мәслихат депутаттары халықтың еркін білдіре отырып өздерінің өкілетті қызметтерін, аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты комиссияларының отырыстары арқылы жүзеге асыруда. Сессия барысында аудан, қала, ауылдық округтердің бюджеттерімен қатар маңызы бар бағдарламалар талқыланып бекітіледі және қабылданған құқықтық нормативтік актілердің орындалуын бақылау қамтамасыз етіледі.
Қарасай аудандық мәслихаты аппараты мен аудандық мәслихат депутаттары 2024 жылы төмендегідей жұмыстар атқарды.
Аудандық мәслихаттың 30 депутаты қоғамның түрлі салаларының және әлеуметтік категориялардың өкілдері. Олар: ұстаздар, дәрігерлер, экономистер, заңгерлер, мекеме басшылары және кәсіпкерлер. Мәслихат депутаттарының құрамында ынтымағы жарасқан бірнеше ұлттың өкілдері бар. Қазіргі депутаттар корпусының құрамында, мәслихат депутаты болып екі-үш рет сайланған халық қалаулылары да бар. Аудандық мәслихат аппараты, 2024 жылы сегізінші сайланған мәслихат депутаттарымен 4 кезекті, 8 кезектен тыс барлығы 12 сессия өткізілді. Мәслихат сессияларында 104 мәселе талқыланып, 128 шешім қабылданса, оның 8-і нормативтік құқықтық актілер. Сессияларда аудан, қала және ауылдық округтерінің жылдық бюджеттері бекітілумен қатар, саяси-экономикалық және шаруашылық-экономикалық ахуалдарға байланысты аудан мен қала, ауылдық округтердің бюджетін нақтылау бойынша 4 мәрте өзгерістер енгізілді.
Сондай ақ мәслихат депутаттары, сессияда бекітілген нормативтік құқықтық актілерге жататын шешімдердің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болуы себебті, актілердің заң шеңберінде қабылдануын және оның уақтылы орындалуын бақылауда ұстап отырды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында 2024 жылы 12 мәселе қарастырылды. Атап айтқанда;
Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №13-3 «Қарасай ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізіп бюджетті тоқсан сайын нақтылау мәселесін қарастыру бойынша 4 отырысы өткізілді.
Қарасай аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, көгалдандыру, сауда, қоршаған ортаны қорғау, экология, жерді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» жөніндегі тұрақты комиссиясында 4 өзекті мәселелер қарастырылды.
- Қарасай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен ауданның қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында Қаскелең, Алмалыбақ, Жамбыл, Қырғауылды, Қошмамбет елді мекендеріне жақын орналасқан саябақтарды аталған елді мекендерге қосу.
- Елтай, Колащы елді мекендері мен «Алтын Орда» сауда –логистикалық кешенінің егжей-тегжейлі жобалау жоспарларын бекіту.
- Қарасай ауданының полиция басқармасының ауданда криминогендік жағдайды болдырмау мақсатында атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Қарасай ауданының төтенше жағдай бөлімінің атқарып жатқан жұмысы туралы есебі.
Сонымен қатар, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында ауданның елді мекендерін газбен қамтамасыз ету, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, электр жарығымен қамту, жылыту маусымына дайындық, жер телімдерін тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту ережелерінің сақталуы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және жұмыссыз жастардың арнайы кәсіптік оқу курстарымен қамтылуы және жастарға кәсіп ашуға жеңілдетілген несие беру мәселелері бойынша комиссяи отырыстары өткізілді.
Тұрақты комиссиялар отырысында талқыланған мәселелер бойынша мекеме мен бөлім басшыларының атқарған жұмыстарына баға беріліп, орын алған кемшіліктерді түзету бойынша нұсқаулар белгіленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауымен жергілікті халықты таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжіліс және аудандық мәслихат депутаттары қала және ауылдық округтер елді мекендерінде 34 кездесулерін өткізді.
Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары аудан аумағында құрылысы жүргізіліп отырған әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстарына қатысып, Қаскелең қаласындағы «Өнер мектебі», Абай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы мектебіне, Абай ауылдық амбулатория құрылысына, Кемертоған аулының жайлы мектебіне, Іргелі ауылы «Асыл арман» шағын ауданындағы жайлы мектебіне, Бұлақты ауылы мектебі құрылысы барысымен танысып, талдау жұмыстарында анықталған кемшіліктердің жойылуына атсалысты.
Есепті кезеңде аудандық мәслихат депутаттары бекітілген кесте бойынша 112 қабылдаулар өткізіп, көтерілген мәселелердің шешілуіне жан-жақты ықпал ете отырып, 44 мәселенің оңтайлы шешілуіне қатысты тиісті жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 10 әлеуметтік мәселелер, 5 мәселе ауыз су, 7 мәселе қоқыс шығару, 6 мәселе жарықтандыру, 5 мәселе жол жөндеу, 7 мәселе жер телімдері, 4 мәселе ауыл шаруашылығы туралы сұраныстар қарастырылып, қала, ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе отырып уақтылы шешуге бағытталған іс-шаралар қабылданды.
Жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерге 52 депутаттық сауал жолданды, олардың ішінде: әлеуметтік мәселелер бойынша 15, тұрғын үй мәселесі 7, ауыз су мәселелесі 8, көше жолдарын жөндеу мен жарықтандыру 10, жер телімі 7, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша 5. Жолданған депутаттық саулнамаларға тиісті мекемелерден ресми жауап бергендер саны 21, жауап бермегендері 31 немесе 43 пайыз ғана болып отыр.
Жергілікті халықтың, аудан тұрғындарының, күнделікті тұрмыста мұқтаж боп отырған мәселелерін уақтылы шешетін атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелер, өзекті мәселелерді шешуде депутаттармен бірлесе жұмыс жасаудың орнына, депутаттардың сауалнамаларына жауап беруде немқұрайлылық танытып отырды. Алдағы уақытта осы мәселелер бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қарасай ауданы, республикамыздағы ішкі және сыртқы миграцияға байланысты көшіп келушілердің есебінен, аудан халқының саны үш есеге артқан ерекше аудан саналады. Осы жағдайға байланысты оқушыларды біліммен қамту, үш аусымды оқудан арылу және бөбектерді балабақшалармен қамту жұмыстары депутаттардың назарында болды.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және шаруашылығы мен тұрмыстық жағдайының жақсаруына бар күш-жігері мен білімін, өмірлік тәжірибесін пайдаланып, халық қалаулысы деген биік мәртебеге сай қажырлы да табанды еңбек етіп жүрген бір топ депутаттардың есімін атап өтуге лайық. Олар; аудандық мәслихат депутаттары, Исаева Атлана Жанатқызы, Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы, Байқұлов Мұхтар Көлбайұлы, Толықбаев Самат Мәлікұлы, Кулиева Жанар Шоллпанқұлқызы, Жанәділ Орынбай Басарұлы, Константинова Елена Владимировна, Такимов Жандос Бауыржанұлы.
Депутаттардан құралған комиссиялар аудан аумағында салынып жатқан әлеуметтік нысандар, мектептер мен ауруханалар құрылысының жоспарға сай жүргізілуіне бақылау жасап, жыл бойы құрылыс нысандарына арнайы рейдтер жүргізіп отырды.
Осы жылы аудандық мәслихат депутаттары атқарған қайырымдылық қызметі барысында түрлі акцияларға белсенді қатысып, жағдайы төмен отбасылар балаларына, қомақты қаржылай көмек берді. Еліміздің саяси-экономикалық даму жолындағы жетістіктеріне өзіндік үлес қосып отырған аудандық мәслихат депутаттары алдағы уақытта да халыққа қызмет етуде жұмыс қарқынын еселей бермек.