Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы облысы Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы облысы Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

                                                                    

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 25 адам, оның ішінде:

- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар - 23 адам;

- мемлекеттік органдардың өкілдері - 2 адам.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Алматы облысы Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қарасай ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Қарасай аудандық мәслихаты көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік орган – Қарасай аудандық мәслихаты. Құжаттар қолма-қол беріледі немесе Қарасай аудандық мәслихатының электрондық мекен жайына жіберіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Үміткерлер келесі жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы хабарландыруда көрсетілген құжаттар мен толық мәліметтер ұсынылмаған кезде;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттар 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап 2025 жылғы 12 наурызды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 213, 3-қабат, 306 кабинет.

Электрондық пошта: karasaymaslihat@mail.ru

Анықтама телефоны 8 (72771) 29941, 87077278060.

Жұмыс режимі: «Қарасай аудандық мәслихатының аппараты» ММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Дата публикации
25 февраля 2025