Қарасай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды

Қарасай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды

Көпшілік тыңдаулар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізіледі.

Көпшілік тыңдаулар барысында келесі мәселе қаралады:

  1. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған, сәйкестендіру нөмірі XWWAD9NPXKD300074, мемлекеттік тіркеу нөмірі 777VV05 болатын «Skoda Super B8» маркалы қызметтік автокөлікті сауда-саттыққа шығару мәселесі.

Аталған қызметтік автокөлік 2025 жылы орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан қалпына келтіруге келмейтіндей деңгейде зақымданған. Көлік құралын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, оны заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) шығару ұсынылады.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы  24-тамыз, сағат  11:00де.

Өтетін орны: Алматы облысы, Қарасай аудандық мәслихаты, 3-қабат, 306-кеңсе, Абылай хан көшесі  213

Барлық ниет білдірген азаматтарды ашық пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Анықтама телефоны: 8(72771) 2-29-01

Электрондық пошта: karasaymaslihat@mail.ru

Дата публикации
24 июля 2026