Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сайлау комиссиялары

Аумақтық сайлау комиссиясы - облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), ауданның, қаланың, қаладағы ауданның сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерінің дұрыстығын бақылайтын сайлау комиссиясы.

Учаскелік сайлау комиссиясы – қажет болса, сайлаушыларға тізім танысу үшін берілгеннен кейін жоғары тұрған сайлау комиссиясын хабардар ете отырып, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізетін сайлау комиссиясы.

Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.

Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және олардың өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне үш күн қалғанда аяқталады.

Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.

Документы
Ақпарат
25 сентября 2026
Қарасай ауданы мәслихатының аппараты
Қарасай аудандық мәслихатының Қарасай ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Хабарлама
03 сентября 2026
Қарасай ауданы мәслихатының аппараты
Қарасай ауданының сайлау учаскелерінің бос орындары туралы
Хабарландыру
12 августа 2026
Қарасай ауданы мәслихатының аппараты
Қарасай ауданың сайлау учаскелерінің бос орындары туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
18 апреля
Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының жаңадан құрылған сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы