GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 сентября 2026
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LVIІ сессиясын шақыру туралы

 

 

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LVІI сессиясын шақыру туралы

 

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LVII сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекте 10:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы.
  2. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.
  3. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
  4. Әр түрлі.

 

 

Қалалық мәслихат  төрағасы                                                          А. Бөкенов

14 сентября 2026
Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына! Сіздердің талқылауларыңызға «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» шешімінің жобасы ұсынылады

Положение каз

Положение рус

13 августа 2026
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LV сессиясын шақыру туралы

 

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LV сессиясын шақыру туралы

 

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LV сессиясы 2026 жылғы 26 тамызда сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ басшысының Қарағанды қаласының білім мекемелерін 2026-2027 оқу жылына дайындық қорытындылары, оның ішінде оларда өткізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 2027 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат.
  2. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.
  3. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
  4. Әр түрлі.

 

 

Қалалық мәслихат  төрағасы                                                          А. Бөкенов

 

 

 

 

 

11 августа 2026
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясын шақыру туралы

 

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясын шақыру туралы

 

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясы 2026 жылғы 17 тамызда 15:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. «Қарағанды қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы XLVІ сессиясының № 326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 шешiмiнің күші жойылды деп тану туралы.
  3. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы.

 

 

Қалалық мәслихат  төрағасы                                                      А. Бөкенов

12 июня 2026
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LІІІ сессиясын шақыру туралы

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LІІІ сессиясын шақыру туралы

 

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LIII сессиясы 2026 жылғы 23 маусымда сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының, Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының 2026 жылы ауданды абаттандыру бойынша ақпараты.
  2. VІІI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2026 жылғы ІІ жартыжылдыққа арналған Келешек жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  3. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.
  4. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
  5. Әр түрлі.

 

 

Мәслихат төрағасының м.а.                                                                  Т. Әшімов

19 мая 2026
Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына! Сіздердің талқылауларыңызға "«Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы ұсынылады.

Жоба

 

 

 

 

 

 

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 577, 581-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы №410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5354 болып тіркелген) «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Букенов

 

 

Түсіндірме жазба

Қарағанды қалалық мәслихатының шешіміне

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

№

Түсіндірме жазбада міндетті түрде көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Ескерту

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Бұл нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығындарын ұлғайтуды көздемейді.

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Бұл шешімді қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды.

5.

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жаңа шешім қабылдауға байланысты

6.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

 

7.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

-

 

8.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Бұл нормативтік құқықтық акт кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын ұлғайтуды немесе азайтуды көздемейді.

 

 

Аппарат басшысы                                                                          К. Сулейменов

15 мая 2026
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LІІ сессиясын шақыру туралы

 

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LІІ сессиясын шақыру туралы

 

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LII сессиясы 2026 жылғы 25 мамырда 10:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Қарағанды қаласының 2025 жылға арналған бюджетін атқаруы туралы қала әкімдігінің есебі.
  2. Қарағанды қаласы әкімдігінің қаладағы құрылыс нысандары бойынша ақпараты.
  3. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.
  4. VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
  5. Әр түрлі.

 

 

Қалалық мәслихат  төрағасы                                                      А. Бөкенов

12 мая 2026
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Т.М. Әшімов, М.Қ. Түсіпов және А.Е. Упабеков «Ресайклинг» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барды

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Т.М. Әшімов, М.Қ. Түсіпов және А.Е. Упабеков «Ресайклинг» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барды. Көшпелі отырыс барысында депутаттар кәсіпорынның қызметімен, өндірістік процестерімен және қалдықтарды қайта өңдеу саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Полигон аумағында экологиялық және техникалық талаптардың сақталуына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
— полигон айналасындағы жер асты суларының жағдайын бақылауға арналған ұңғымалардың болуы;
— қоқыстың ұшып кетуіне қарсы торлардың орнатылуы;
— құрылыс қалдықтарын бөлек көму жұмыстары;
— топырақ төсеу және өрттің алдын алу шаралары бойынша техникалық құжаттардың орындалуы;
— жедел хабарлау жүйесі мен бейнебақылаудың болмауы;
— техникалық су ұңғымасының болуы;
— электр энергиясының болмауына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау цехының жұмыс істемеуі;
— өрт сөндіру мақсатындағы су резервуарының болмауы.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша депутаттар полигон жұмысының өзекті мәселелерін талқылап, экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

06 мая 2026
Қарағанды қалалық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды қалалық мәслихатының учаскелік сайлау

комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында 132 бос орындарының бар болуын хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты қаланың аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.

Сайлау комиссияларының құзыреттілік мерзімі бес жыл құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны сайлау комиссиясының құрамына ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларының мүшелерін басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұратын сайлау комиссиялары 2026 жылғы 6 мамырдан бастап 20 мамырда қоса алғандағы кезеңде  мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер электрондық және қағаз форматта;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылуы және орындалу күні көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 6 мамырдан бастап 20 мамырда қоса алғандағы кезеңде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерінен қоспағанда) жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.

Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы – Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы.

Жауапты тұлға – «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» ММ:

Сүлейменов Қанат Маратұлы, № 413 каб., жұмыс тел.: 42-13-14, электрондық пошта мекенжайы: gormaslihat@mail.ru

- Тлекова Индира Әлімбайқызы, № 415 каб., жұмыс тел.: 42-39-56

Өтініш

Форма

29 апреля 2026
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы А.Ж.Бөкеновтың төрағалығымен VIII шақырылымның кезекті LI сессиясы өтті

Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы А.Ж.Бөкеновтың төрағалығымен VIII шақырылымның кезекті LI сессиясы өтіп, онда келесі мәселелер қаралды:

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы алдағы жылыту маусымына дайындық міндеттері туралы.
Қала әкімдігінің кәріз желілерінің жұмысы туралы ақпараты.

Пленарлық отырысқа: қала әкімінің орынбасарлары, Қазыбек би атындағы аудан мен Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қала қызмет көрсетуші кәсіпорындарының басшылары, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Кожакапанов Р.М. баяндама жасап, Қарағандыда жылыту маусымы тұрақты өткенін, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жылу электр станцияларында жөндеу науқаны басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, ТЭЦ-3-ті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда, бұл қаладағы жылу мен электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Кожакапанов Р.М. баяндама жасап, қолданыстағы кәріз желілерін қайта жаңғырту және жөндеу, сондай-ақ жаңа кәріз желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қосымша баяндама жасап, қала әкімдігіне және барлық мүдделі органдарға ұсыныстарды Қарағанды қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ашимов Т.М. жеткізді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің өтінішіне сәйкес, кезекті сессияда Қарағанды қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға өзгерістер енгізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы