Меню

Страницы

Статья

№2 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ ЗОРИН БОРИС ВИКТОРОВИЧ

 
 
1961 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды қаласында ұстаздар отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс.

1979 жылы Алма-Аты Мемлекеттік Медициналық Институтының Шымкенттік филиалына оқуға түсті, 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Стоматология»  мамандығы бойынша толық курсын оқып бітірді.
Алматы экономика және статистика академиясын «қызметкерлер құрамын басқару» мамандығы бойынша 2002 жылы оқуға түсіп, 2004 жылы тәмамдап, «Экономист» біліктілігі тағайындалған.
1984 жылдан 1992 жылға дейін тіс дәрігерінен бастап №3 стоматологиялық  емхананың бас дәрігеріне дейін еңбек жолын өтті.
1984-1985 жж. – интернатура өтті.
1985-1987жж. – тіс дәрігері.
1987-1990жж. – ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі.
1992-1995 жж. - №3 стоматологиялық  емхананың бас дәрігері.
1996-1997 жж. - «Стоматологиялық бірлестігі» ЖШС-нің бас дәрігері (1995 жылы №1 және №3 стоматологиялық емханалардың бірігуіне байланысты, осы денсаулық сақтау ұйымының бас дәрігері болып тағайындалды).
03.2016 жылдан бастап - Қарағанды қ.Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Стоматологиялық бірлестігі» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарады.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  медальдармен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» («Отличник здравоохранения Республики Казахстан») Құрмет белгісімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстанның тіс дәрігерлері Ұлттық Қауымдастығының Құрметті мүшесі» төсбелгісімен, облыс мен қала әкімдерінің, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясының Құрмет марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаттары бар.
2003 ж. бастап – «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясының ХДП съезінің делегаты ретінде бірнеше рет сайланды.
2004 жылдан  2014 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалының төрағасы болып табылады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен кездесулерде болды; Теміртау қаласында Магнитканың 50-жылдығына арналған іс-шараларға қатысты; ҚР Парламентінің Сенаты және Мәжілісінің депутаттарымен, ҚР түрлі министрліктерінің басшыларымен кездесулерде болды.
2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қарағанды облысының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ Президенті.
ІІІ, IV және V  шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың экономика, даму бағдарламасы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссия құрамында.

 

Дата публикации
27 декабря 2023
Дата обновления
27 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы