
1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «халықаралық қатынастар экономисті» мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы Е.А.Бөкетов атныдағы ҚарМУ аспирантурасын тәмамдады.
1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін Қазақстан Респуликасының Әділет Министрлігінің Астана қаласы бойынша сот қаулыларын атқару комитетінің Департаментінде сот орындаушысы ретінде қызмет атқарды.
2000 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалының Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясына байланыс операторы қызметіне қабылданды. Одан әрі – сату орталығының маманы, сатуды басқару бөлімінің маманы, маркетинг бөлімінің бастығы, заңды тұлғалармен жұмыс бойынша орталықтың бастығы, сатуды басқару бөлімінің бастығы, «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Қарағанды ОТД сатуды басқару қызметінің бастығы.
2009 жылы осы кәсіпорынның кеңейтілген қызмет ету Орталығының бастығы болып тағайындалады.
2017 жылдын наурызынан бастап "Қазақтелеком" АҚ филиалы- Қарағанды ОТД коммерциялық директорының орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылы Алматы қаласында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы жанында «Телекоммуникация қызметтерін дамыту» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
Экономикалық ғылымдар кандидаты.
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы Төрағасының Құрмет грамотасымен (2007 ж. тамыз), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ҚР Президентінің Құрмет медалімен (2011 ж.), ҚР Мәслихаттарының 20-жылдығына орай Мерейтой медалімен (2014 ж.), Қарағанды қаласының 80-жылдығына орай төс белгімен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қарағанды облысының саясаткер-әйелдері клубының мүшесі, Қазақстанның іскер әйелдері Қауымдастығының мүшесі.
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Тұрмыста, төрт баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.