
1995 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Топ старостасы, Экономика факультеті студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болған.
2001 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҒУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алуға диссертациялық еңбегін қорғады.
1995-1999жж. – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-да жұмыс істеген (бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас бухгалтері; заңды тұлғалармен жұмыс бойынша сектор бөлімшесінің менеджері; кепілзат бөлімінің жетекші инспекторы; Несие беру басқармасының жетекші инспекторы).
1999-2002 жж. – Қарағанды қаржы институтының проректоры;
1999 жылы облыстың Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында «Протон» зымырантасығыш құлағаннан кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан балаларды тегін оқыту үшін 2 грант ұсынуға бастама жасады.
2002-2005 жж. – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалының директоры;
2005 жылдан бастап Қарағанды Банк колледжі директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап колледж директоры болып тағайындалды. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қарағанды Банк колледжі» ЖММ директоры.
А.Бөкенов – монографиялар, оқыту баспаларының, ғылыми баспалардың, халықаралық және республикалық басылымдардағы мақалалардың авторы.
2016 жылдан бастап Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Қарағанды облысы әкімдігінің кадрларды техникалық және кәсіптік білім беру және даярлауды дамыту Кеңесінің мүшесі болып табылады, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Білім беру» бағыты бойынша сараптау тобының құрамында.
1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының құрамында, партияның қалалық филиалының «Оңтүстік-Шығыс» ПҚБ төрағасы. «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесті басқарады.
Қоғамдық Қабылдау жұмысына қатысты (2011 ж., 2015ж.) 2015 жылы өткен сайлауда ҚР Президентіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Қарағанды қалалық қоғамдық штабты басқарды.
Марапаттаулары:
ҚР Презинденті Н. Ә. Назарбаевтың екі Алғыс хаты, «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» Мерейтойлық медаль, «Нұр Отан» ХДП Алғыс хаты, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаты, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.
ҚР білім саласының құрметті қызметкері.
ҚТДҚ (Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы) сертификатталған мүшесі. Қоғамдық бірлестік ОЭСР қағидалары бойынша корпоративті басқарудың үздік тәжірибелерін енгізумен айналысады.
Үйленген, үш баласы бар.
Осы шақырылымда кәсіпкерлік қызметті дамыту және инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.