Меню

Страницы

Статья

№12 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ БЕКСҰЛТАНОВ ҚҰДАЙБЕРГЕН (БЕКСҰЛТАНҰЛЫ)

 
1956 жылы 17 қаңтарда   Қарағанды облысының Нұра ауданының Шахтер ауылында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

1976 жылы Қарағанды қ. №139 МКТУ «Электромонтажшы» мамандығы бойынша бітірді.
1993 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.
2013 жылы «Болашақ» Қарағанды университеті» ЖММ «Құқықтану» мамандығы бойынша (Құқықтану Бакалавры) тәмамдады.
1976 жылдың сәуірінен қазанына дейін РКФСР  Челябинск қаласында №762 поездінің электромантажшысы ретінде жұмыс істеді.  1976 жылдың желтоқсанынан 1978 жылдың тамызына дейін Тың темір жолының 10-шы Қарағанды дистанциясының  дефектоскоптық арбаша  операторының  көмекшісі болып  еңбек етті.
1978 жылдың қыркүйегінен 1984 жылдың желтоқсанына дейін  - №139 МКТУ өндірістік оқыту шебері.
1984 жылдың желтоқсанынан 1988 жылдың желтоқсанына дейін - №30 орта кәсіптік – техникалық училищенің өндірістік оқыту шебері.
1988 жылдың желтоқсанынан 1993 жылдың тамызына дейін - №26 орта кәсіптік – техникалық училищенің оқыту – тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.
1993 жылдың тамызынан қарашасына дейін Қарағанды облыстық халықтық білім беру бөлімінің №26 ОКТУ директорының міндетін атқарды, 1993 жылдың қарашасынан 1996 жылдың шілдесіне дейін училищенің директоры болып еңбек етті.
1996 жылдың желтоқсанында қосымша сайлауда Қарағанды қалалық мәслихатының №13 сайлау округінен депутат болып сайланды – І шақырылым депутаттарының  жиналысы.
1996 жылдың шілдесінен 1999 жылдың қарашасына дейін - №26 КТМ директоры.
1999 жылдың қарашасынан 2003 жылдың қарашасына дейін депутат, кейін ІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2003 жылдың қарашасынан 2007 жылдың қарашасына дейін депутат, кейін ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Құдайберген Бексұлтановтың бастамасымен 2006 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының жанында қаланың жергілікті өкілетті және атқарушы билік пен азаматтық қоғам арасында келіссөз алаңшасы ретінде Қоғамдық сенім комитеті құрылды.
2007 жылдың қыркүйегінде депутат, кейін IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. IV шақырылған қалалық мәслихатының кезектен тыс LVI сессиясының шешімімен Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы лауазымынан босатылды, сонымен қатар депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Әкім лауазымында 29.03.2016 жылға дейін қызмет етті.
2016 жылғы 20 наурызда депутат болып, кейін 2016 жылғы 29 наурызда VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы ретінде сайланды.
2002 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің құрамына енгізілді.
2003 жылдың 9 қаңтарында Облыстық үстел теннисі Федерациясының төрағасы болып сайланды.
03.2017 жылдан бастап - Қарағанды қ.Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
1997 жылы басқарушы лауазымдарда жоғары кәсіптілігі үшін облыс әкімінің стипендиясы мен грамотасына ие болды.
2011 жылы «Құрмет» орденімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», 2006 жылы  «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2008 жылы «10 жыл Астана», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл»  мерейтойлық медальдармен және 2014 жылы «80 лет Караганде» Естелік белгісімен марапатталды.
Сонымен қатар 2009 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Үйленген, үш баласы бар.

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Кудайберген Бексултановтың  азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Лауазымы: Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы

Қабылдау күндері мен уақыты:
Апта сайын, жұма күндері, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Дата публикации
27 декабря 2023
Дата обновления
27 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы