
1975 жылы 8 қарашада Ақмола облысында инженер отбасында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылдан 1998 жылға дейін академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ магистратурасында «Экономика және менеджмент» мамандығы бйоынша оқыды.
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономикалық ғылымдар кандидаты.
1998 жылдан бастап академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де жұмыс істейді. Еңбек жолында оқытушы ретінде кәсіби құрылудың барлық деңгейлерінен өтті, аға оқытушы, кафедра доценті, декан орынбасары, экономика факультетінің деканы.
2015 жылдың тамызынан академик Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың лауазымында жұмыс істейді.
2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қарағанды қаласы әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес мүшесі.
Үйленген, екі баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың экономика, даму бағдарламалары және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.