Меню

Страницы

Статья

№16 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ ӘБДІРОВ ҚАДЫРБЕК САҒАШҰЛЫ

 
1951 жылы 14 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бұры-Байтал ауылында дүниеге келген, ұлты - қазақ.

1974 жылы Қазақ политехникалық институтын оқып бітірді, электрик-инженер мамандығының иегері. 2004 жылы «Персоналды басқару» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады.
Еңбек жолын Қаражал қаласында ЖЭО электроцехы бастығының орынбасары болып бастады. Қаражал қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Жезқазған облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Жезқазған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, «Жайремауырқұрылыс» трестінің бас энергетигі, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының Қиыр-Батыс кенішінің бас энергетигі, Жайрем кентінің қалалық желісінің бастығы, «Жәйремжылуэнергия» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап 2016 жылға дейін  - «Горсвет» КМК бас директоры.
Осы уақытта бас энергетик, Қарағанды политехникалық колледжі директорының орынбасары болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» және «ТМД-нің еңбегі сіңірген энергетигі» атақтарын иеленген.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
III, IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамында.

Дата публикации
27 декабря 2023
Дата обновления
27 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы