
1962 жылғы 2 желтоқсанда Қарағанды облысының Куу-Чек селосында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
Білімі:
1980 жылы Нұра ауданының Казгородок с. орта мектепті тәмамдаған.
1980-1985 жж. Целиноград инженерлік-құрылыс инсититуты (инженер-құрылысшы).
2011 жылы «Фемида» Заң академиясын, «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолы:
1985-1989жж. «Карагандауглестрой-10» трестінің өндірістік-техникалық бөлім инженері, ПМК-1013 шебері, Осакаров ауданының «Құндызды» совхозының аға прорабы болып жұмыс істейді.
1989-1991жж. Кеңес Әскерінің қатарында офицер лауазымында борышын өтеді.
1991-1994 жж. «Нұра» құрылыс-жөндеу кооперативінің төрағасы ретінде еңбек етті.
1994-1997 жж. ҚР ІІМ, МТК органдарында жедел әрекет ету лауазымдарында қызмет етті.
1997 жылдың қарашасынан бастап 2010 ж. наурызға дейін ҚР ҰҚК органдарында қызмет етті, ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Теміртау қалалық басқармасының бастығы лауазымынан әскери қызметте шекті жасқа жетуіне байланысты зейнеткерлікке шықты.
Одан әрі еңбек жолын азаматтық мамандық бойынша жалғастырды: 2010 жылдың наурызында – Қарағанды қаласы «Райкомхоз» КМҚбас инженері.
2010ж. қарашадан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» КМК директоры болып жұмыс істейді. Аталған ұйым 2013 жылдан бастап 100% мемлекеттіңм қатысуымен ЖШС болып қайта құрылды.
М.Ысқақовтың басшылығымен ұжым біршама кеңейіп, ұйым қызметі жақсарды.
М.Ысқақов «ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы» Мерейтойлық медальмен және «Мінсіз қызметі үшін» әскери медальмен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Үйленген, төрт баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.