
1995 жылы «Оқытушы-бапкер» мамандығы бойынша Қазақ дене шынықтыру институтын оқып бітірді.
1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін - №12 орта мектебінде қол жұмсайтын ұрыс бойынша нұсқаушы-бапкері болды.
1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін - қол жұмсайтын ұрыс бойынша облыстық федерациясының вице-президенті.
2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін - облыстық Кудо федерациясының вице-президенті.
2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін – Республикалық Дайдо Джуку Кудо федерациясының вице-президенті.
2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – NOMAD MMI ұлттық жекпе-жек түрінің дүниежүзілік федерациясының вице-президенті.
2010 жылдан бастап ҚР жауынгерлік өнер Республикалық одағының жоғарғы кеңесінің төрағасы.
«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген бапкері», «Еңбегі сіңірген ақылшы», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» төс белгілерімен марапатталған.
IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.
Осы шақырылымда қаланың еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.