
1958 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Айнабұлақ ауылында көп балалы отбасыда дүниеге келген.
Еңбек жолын совхозда электрші ретінде бастады, Кеңес Әскерінде борышын өтеді.
12.06.1979 жылдан бастап 19.02.1981 жылға дейін ВТБ учаскесінде кен жұмыскері ретінде жұмыс істеді.
1981 жылы комсомол жолдамасы бойынша бүкілкеңестік екпінді құрылысқа барды.
3.03.1981 жылдан 14.10.1982 жылға дейін «Энергострой» СУ бетоншы ретінде жұмыс істеп, қолмен балқытып пісіру бойынша екінші мамандық алды.
1983 жылдың қыркүйегінен 1985 жылдың тамызына дейін Т.М.Әшімов «ҚарағандыКөмірҚұрылыс» трестінің ШСМУ-4 жер асты электрші -лесарі болып жұмыс істеді.
1985 жылдың қыркүйегінде СПТУ-3 ұста ретінде жұмысқа қабылданды.
1986 жылы Еңбек Қызыл Ту орденінің Қарағанды Тау техникумін оқып бітірді.
1990 жылы «Аспап» ӨК құрып, қазіргі уақытта соның бастығы болып табылады.
2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Тамды Арқа» Қоғамдық бірлестігін басқарып жатыр.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жәрдемдесу» Қоғамдық бірлестігін басқарады.
2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін оқып бітірді.
2010 жылы Қазтұтынодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдап бітірді.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облысының ауыр атлетика бойынша облыстық федерация» қоғамдық бірлестігін басқарып жатыр.
2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігін басқарып жатыр.
Үйленген, бес баласы бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. III және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, IV шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Көптеген грамоталармен марапатталған, Қарағанды облысы әкімінің номинациясында «2003 жылғы ең үздік құрылысшысы» деп танылды. «Ерең кызметі үшін», «Ерең еңбегі ұшың», «Шапағат», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медальдарымен, 2011 жылы Түңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
VI шақырылған 2016 жылғы 29 наурыздағы ұйымдық 1-ші сессияда қаланың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.