
1953 жылы 19 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты - орыс.
1987 жылы «тау-кен жұмыстарын электрлеу мен автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын оқып бітірді.
1971 жылдан бастап 1973 жылға дейін - Кеңес Әскері қатарында борышын өтеген.
1974 жылдан - № 2 КТУ-де өндірістік оқыту шебері.
1985 жылдан бастап - КСМК зауытында жұмыс істеген.
1986 жылдан бастап - «Қарағандаөндірісқұрылыс» трестінде жұмыс істеген.
1987 жылдан бастап - №20 ОКТУ-де өндірістік оқыту шебері,
1988 жылдан бастап - №20 МӨТУ оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары.
1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды тау-кен колледжі (бұрынғы №1 кәсіби мектеп) директоры.
Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім беру министірлігінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен, Академик Алтынсарин атындағы төс белгісімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. 2015 жылдың қыркүйегінде Г.И.Ивченкоға «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы берілген.
II, III, IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.
VI шақырылған 2016 жылғы 29 наурыздағы ұйымдық 1-ші сессияда қаланың заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.