Меню

Страницы

Статья

№30 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ КЕНЖИН БОЛАТ МАУЛЕТҰЛЫ

№30 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН ДЕПУТАТ
КЕНЖИН БОЛАТ МАУЛЕТҰЛЫ

 

1952 жылы 26 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген, ұлты - қазақ.
1975 жылы «Пайдалы қазбалардың кен орындарын  іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын оқып бітірді, 1998 жылы «Экономика мен менеджмент» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының  Қарағанды экономикалық университетін (экономист-менеджер) тәмамдады.
Еңбек жолы:
1975 жылдан бастап 1997 жылға дейін геофизик, геофизикалық отрядтың бастығы,  КСР КӨМ «Қарағандыкөмірбарлау» экспедициясы бастығының орынбасары.
1997-2002 жылдар аралығында «Қарағандыкөмір» АТАҚ-ның сауықтыур басқарушысы қызметін атқарды.
2002 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында «№1 Машзауыты» ЖШС директоры.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Қарағанды машинақұрылысы консорциумы» ЖШС директоры болып табылады.
2002 жылдан бастап  - техникалық ғылымдар докторы, геофизика және геология кафедрасының, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің физика кафедрасының профессоры. (кандидаттық диссертация тақырыбы: «Разработка сейсмического метода и критериев обнаружения дизъюнктивных нарушений мощных угольных пластов», Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Научные основы адаптивного метода воздействия на углепородный массив при сейсмоакустических исследованиях»).
2012 жылы Ресей тау кен ғылымдары Академиясының шетелдік мүшесі ретінде сайланды.
03.2016 жылдан бастап - Қарағанды қ.Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Марапаттаулары:
1979 жылы – КСРОКөмір өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасы;
2005 жыл -«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Мерейтойлық медаль;
2006 жыл - «Почётный машиностроитель Казахстана» белгісі;
2010 жыл – Академик А.А.Скочиский сыйлығының лауреаты;
2010 жылы -  «Ерен енбегі үшін» еңбегі үшін.
2011 жыл - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» Мерейтойлық медаль.
2012 жыл – Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы;
2014 жыл - «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» Мерейтойлық медаль;
2016 жыл - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» Мерейтойлық медаль.
«Қазақстанның машина құрылысы одағы» ЗТБ басқармасының мүшесі, «Орталық Қазақстан машина жасау және металл өңдеу» Қауымдастығының Президенті; «KAZWELD» Қазақстанның дәнекерлеу қауымдастығының уәкілетіктерді ұсыну бойынша төраға; Қарағанды облысының әкімдігі жанынжағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес мүшесі.
Үйленген, қызы және үш немересі бар.
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Депутаттық корпустың құрамына VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс VIII сессиясының №89 шешімімен енгізілген.
Осы шақырылымда құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында.

Дата публикации
26 декабря 2023
Дата обновления
26 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

01 декабря 2025
Қоғамдық кеңес отырысының 2025 жылғы 27 қарашадағы хаттамасы
01 декабря 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің сараптамалық қорытындысы
11 ноября 2025
Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің эксперттік қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы