
1941 жылы Балқаш қаласында туды. 1958 жылы орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қарағанды училищесіне түсті, 1961 жылы Петровка сегіз жылдық мектебінде ұстаздық еңбек жолын бастады 1962-1967 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының математика факультетінде сырттай оқыды. 1964-1969 жылдары Ульянов ауданының Гагарин атындағы орта мектебінде еңбек етті. 1969 жылы еңбекшілердің Ульянов аудандық депутаттар Кеңесіне депутат болып сайланды. 1969 жылдан Қарағанды қаласының тұрақты тұрғыны. 1965-1995 жылдары № 95 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 1995 жылдан № 9 гимназияда еңбек етеді.
«Қаз ССР білім беру ісінің үздігі», «СССР білім беру ісінің үздігі» белгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Халық ағарту ісін дамытуда, жас ұрпақты тәрбиелеуде және қоғамдық-саяси қызметте белсенділік танытып, елеулі үлес қосқаны үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз