
1935 жылы 8 шілдеде Свердловск облысы Красно-уральск қаласында дүниеге келген. 1959 жылы С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітіріп, конструкторлық бюросында жұмыс істей бастады. 1965 жылы МАИ аспирантурасын бітіріп, диссертация қорғады.
1967 жылдан бастап ғарышкерлер тобында. 1970 жылы 1-19 маусымдарда В.И. Севастьянов «Союз-9» ғарыш кемесінде бортинженер ретінде ғарышқа ұшты (А.Г. Николаевпен бірге). Сапарда экипаж ғылыми-техникалық және медициналық-биологиялық зерттеулердің кең бағдарламасын орындады. «Союз-9» ғарыш кемесінде ұзаққа созылған сапарын өткізгені үшін, сонымен бірге білдірген батылдық пен батырлығы үшін, Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді. 1975 жылы 24 мамыр-26 маусымда «Союз-18» ғарыш кемесінде ғарышқа ұшты (кеме командирі П.И. Климук). Ұшу барысында «Салют-4» станциясымен түйістірілу өткізілді.
В.И. Севастьянов кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен, оған К.Э. Циолковский атындағы, Гагарин атындағы алтын медальдармен марапатталған.
Кеңес ғарыштығын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін, ұшу барысында «Союз-9» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде, үкіметтің тапсырмаларын үздік орындағаны үшін, Қарағанды қаласы маңына ойдағыдай қондырғаны үшін 1970 жылдың 25 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым