
1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл селосында туды 1931-1932 жылдары «Прибалхашстрой» тресі кәсіпорнында-өндірісте жұмыс істеді. 1932 жылы Қарағанды кен техникумына түсті. 1933 жылы Днепропетровск кен институтына оқуға жіберілді, оқуды үздік аяқтаған соң, пайдалы қазбалар орнын өңдеу жөніндегі кен инженері мамандығын алды. 1939-1948 жылдары Қарағанды көмір бассейнінде учаске бастығы, бас инженер, бірқатар шахтылардың директоры, көмір тресінің техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1948-1951 жж Қарағанды кен аудандарының мемқалтехқадағалау басқармасының бастығы, «Қарағандыкөмірразрезі» тресінің бас инженері болды. 1941 жылы КПСС қатарына өтті. 1951-1955 жылдары Қарағанды ғылыми зерттеу институтының директоры болды. 1951 жылы техника ғылымдарының ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1967 жылы докторлық диссертация қорғады. 1955 жылы Қарағанды кен институтының ректоры болып тағайындалды. 1974 жылы және 1987 жылы ғылым және техника саласындағы еңбегі үшін Қазақ ССР-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бірнеше рет КСРО Жоғары Кеңесіне (1966-1970), Қазақстанның облыстық компартиясына, Халық депутаттары Қарағанды облыстық және калалық Кеңесіне депутат болып сайланды.
Қазіргі кезде ҚР ҮҒА жер койнауын кешенді игеру мәселелері институтының директоры болып істейді.
1971 жылы халық шаруашылығы үшін білімді мамандарды даярлау және жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
«Халықтар достығы», «Еңбек Қызыл Ту», «Октябь революциясы» ордендерімен, Лениннің 2 орденімен және жеті медальмен марапатталды. 1995 жылы желтоқсанда «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 1993 жылы 30 маусым